Page 6 - Технология каз_
P. 6

аргументациялық және аналитикалық бөлім, қорытындылар), әдеби дереккөздер
            дұрыс пайдаланылуы тиіс.
                   12.3.  Зерттеу  жұмысы  жоспарының  жобасына  сәйкестендіру  нөмірі
            беріледі,  ол  бағалану  үшін  кездейсоқ  тәртіппен  екі  сарапшыға  жіберіледі.
            Қорытынды баға екі сарапшының орташа алынған бағасы болып табылады. Бір
            үміткердің зерттеу жұмысы жоспарының жобасын екі сарапшы бағалайды.
                   Зерттеу  жұмысы  жоспары  жобасының  нәтижелерін  сарапшылар
            үміткердің жеке кабинетінде қояды.
                   13. Іріктеу кезеңдерін қорытындылау.
                   13.1.  Конкурстық  іріктеу  кезеңдерінің  қорытындылары  бойынша
            магистратура  мен  докторантура  білім  беру  бағдарламалары  бөлінісінде
            конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерінің балдары жиынтығы бойынша кему
            тәртібімен сараланған тізім жасалады.
                   Екі  және  одан  да  көп  үміткерлердің  балдары  тең  болған  жағдайда
            Қабылдау комиссиясы олардың мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі бойынша
            критерийлерді басшылыққа алады.
                   Қабылдау        комиссиясының           хатшысы        Қабылдау       комиссиясының
            қорытынды  шешімінің  хаттамасын  (бұдан  әрі  –  хаттама)  дайындауды  және
            үміткерлердің        жауаптарының          бейне/аудиожазбалары            бар     файлдарды
            дайындауды қамтамасыз етеді.
                   Хаттама Қабылдау комиссиясының отырысы өтетін күні ресімделеді және
            оған Қабылдау комиссиясының мүшелері мен хатшы қол қояды.

                   Академияға  оқуға  қабылдау  туралы  шешім  конкурстық  іріктеу
            кезеңдерінен сәтті өткен үміткердің қорытынды бағасы негізінде қабылданады.
                   Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға 120
            адам,  докторантураға  12  адам  қабылданады.  Өзге  қаржыландыру  көздері
            есебінен тұлғалар алған балдарына сәйкес оқуға қабылданады.
                   13.2.  Қорытынды  балдарды  есептеу  конкурстық  іріктеудің  барлық
            кезеңдері бойынша балдардың үлес салмағын ескере отырып жүргізіледі, оның
            ішінде:
                   13.2.1. оқу мерзімі бір және бір жарым жыл өндірістен қол үзіп жүргізілетін
            магистратура білім беру бағдарламаларына:


                                        Іріктеу кезеңдері                                  Үлес салмағы
          1.  Аналитикалық эссе жазу                                                            30%
             Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сұхбат                                         70%

                   13.2.2. оқу мерзімі үш жыл өндірістен қол үзіп жүргізілетін докторантура
            білім беру бағдарламаларына:

                                        Іріктеу кезеңдері                                  Үлес салмағы
             Зерттеу жұмысы жоспарының жобасы                                                   25%
          2.  Аналитикалық эссе жазу                                                            25%
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10