Page 8 - Технология каз_
P. 8
Магистратура мен
докторантураның білім беру
бағдарламалары бойынша
конкурстық іріктеу
кезеңдерін өткізу
технологиясының
А қосымшасы
Міндеттеме
Мен, ___________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясының (бұдан әрі – Академия) аналитикалық эссені/зерттеу жұмысы жоспарының
жобасын (research proposal) бағалау жөніндегі сараптау комиссиясының мүшесі бағалау
жөніндегі сараптау комиссиясының мүшесі мәртебесіне ешқандай шектеулер жоқ екенін
растаймын, сондай-ақ мен өзіме келесі міндеттемелерді қабылдаймын:
1) конкурстық іріктеу кезеңін бағалау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясында оқуға түсуге арналған конкурсты өткізу технологиясымен танысуға;
3) бағалауға бөлінген уақытты тиімді пайдалануға;
4) мүдделер қақтығысына жол бермеуге;
5) бағалауға үшінші тұлғаларды тартпауға;
6) өз компьютерімнің техникалық мүмкіндіктері үшін, интернет жылдамдығы
кемінде 5 мб/сек және жұмыс істейтін веб-камераның болуы үшін жауапты болуға, осы
мәселе бойынша ұйымдастырушыларға наразылық білдірмеуге;
7) өзім туралы деректер ақпараттық жүйеде сақталатынына және оларға басқа
пайдаланушылар қол жеткізе алатындығына қарсылық танытпауға;
8) іріктеу кезеңінде өзге ақпараттың мазмұнын үшінші тұлғаларға жария етпеуге;
9) Академияға оқуға түсу үшін конкурстық іріктеуге қатысты жеке және заңды
тұлғаларға көрінеу жалған мәліметтер мен ақпаратты таратпауға;
10) конкурстық іріктеуді ұйымдастырушыларды өзім туралы мәліметтердегі кез
келген кейінгі өзгерістер туралы алдын ала хабардар етуге;
11) жұмыс келіп түскеннен кейін үш күнтізбелік күн ішінде үміткерлердің
жұмыстарына бағалау критерийлеріне сәйкес бағалауды жүргізуге және нәтижелерді жеке
кабинетте қоюға міндеттенемін.
________________ 20__ жылғы «____»______
(қолы)