Page 2 - Технология каз_
P. 2
Магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша
конкурстық іріктеу кезеңдерін өткізу технологиясы
1. Жалпы ережелер
1. Магистратура мен докторантура білім беру бағдарламалары бойынша
конкурстық іріктеу кезеңдерін өткізу технологиясы (бұдан әрі - Технология)
2024-2025 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру
бағдарламалары бойынша оқуға қабылдауды ұйымдастыру мақсатында
әзірленді.
2. Конкурстық іріктеу 29 маусым мен 20 шілде аралығында Академияның
ақпараттық жүйесінде офлайн және онлайн форматтарда жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де
қаржыландыру көздері есебінен оқу мерзімі бір жыл, мемлекеттік қызметшілер,
мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты
ұйымдардың өкілдері, квазимемлекеттік сектор субъектілері, мәслихаттар
депутаттары үшін модульдік оқыту қағидаты бойынша жүргізілетін
магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша үміткерлер үшін
қосымша конкурстық іріктеу 4-10 желтоқсан аралығында офлайн және онлайн
форматтарда өткізіледі.
3. Конкурстық іріктеуді жүргізу кезінде конкурстық комиссиялар мынадай
қағидаттарды басшылыққа алады:
1) объективтілік - үміткер туралы ол берген жауаптар негізінде бейтарап
және тәуелсіз пайымдау, жазбаша жауаптарды бағалау және сұхбат жүргізу
кезінде әрбір үміткерге тең көзқарас таныту;
2) әдептілік - үміткерге құрметпен, сыпайылықпен және әдептілікпен
қарауды қамтамасыз ету;
3) ашықтық - үміткерді іріктеуді жүргізу кезінде қажетті ақпарат
көлемімен қамтамасыз ету.
4. Аналитикалық эссе мен зерттеу жұмысы жоспарының жобасын бағалау
үшін құрамы ректордың бұйрығымен бекітілетін сыртқы және ішкі
сарапшылардан бағалаушылар пулы құрылады, оның ішінде:
1) аналитикалық эссені бағалау бойынша сарапшылар;
2) зерттеу жұмысы жоспарының жобасын бағалайтын сарапшылар.
5. Сұхбат жүргізу үшін білім беру бағдарламалары бөлінісінде конкурстық
комиссиялар құрылады.
Конкурстық комиссиялардың құрамы кемінде 7 адамнан тұрады, ол
Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Конкурстық комиссиялардың құрамындағы комиссия мүшелерінің 50%-ы
(елу) тұрақты мүшелер болып табылады, оның ішінде төраға, төрағаның
орынбасары және техникалық хатшы бар.
Конкурстық комиссиялардың құрамындағы комиссия мүшелерінің 50%-ы
(елу) конкурстық іріктеу кезеңін өткізу кезеңіне келісілген кестелерге сәйкес
уақытша тағайындалуы мүмкін.