Page 4 - Технология каз_
P. 4

Тақырыппен  танысу  мен  аналитикалық  эссені  жазу  үшін  үміткерге  60
            минуттан артық уақыт берілмейді, таймер іске қосылады, ол мәтінді автоматты
            түрде сақтай отырып, уақыт өткеннен кейін парақшаны жабады. Аналитикалық
            эссе мәтіні әр 5 секунд сайын автоматты түрде сақталып отырады.
                   Аяқталуға  10  минут  қалғанда  ескерту  жасалады.  Егер  жұмыс  таймер
            аяқталғанға дейін аяқталса, жұмысты сақтап, «Аяқтау» батырмасын басып, шығу
            керек.
                   Егер үміткер «Аяқтау» батырмасын баспаса да, оның жұмысы автоматты
            түрде сақталады.
                   Осы кезеңнен қайта өтуге жол берілмейді.
                   10.2. Аналитикалық эссені бағалау критерийлері:
                   1)  Білім  тереңдігі.  Таңдалған  дайындық  бағдарламасы  туралы  білімі,
            кәсіби  қызметтегі  білімін  қолдану,  стратегиялық  және  бағдарламалық
            құжаттарды білу және талдау.
                   2) Сараптауы (аналитикасы). Дәлелдеу және дәлелдеме келтіру, мәселені
            шешу бойынша идеяларды синтездеу.
                   3) Құрылымдылығы, нақтылығы және ықшамдылығы. Құрылымға сәйкес
            болу, жеткізу стилі, рефлексия.
                   4)  Сауаттылығы.  Грамматикалық  және  стилистикалық  қателіктердің
            болмауы, дәйексөздерді, дереккөздерге сілтемелерді келтіру деңгейі.
                   10.3.  Аналитикалық  эссеге  сәйкестендіру  нөмірі  беріледі,  ол  кездейсоқ
            тәртіппен  бағалау  үшін  екі  сарапшыға  жіберіледі.  Аналитикалық  эссенің

            қорытынды бағасы екі сарапшының орташа алынған бағасы болып табылады.
            Сарапшылардың  аналитикалық  эссені  бағалау  нәтижелері  конкурстық  іріктеу
            кезеңінен өткеннен кейін үш күнтізбелік күн ішінде үміткердің жеке кабинетінде
            орналастырылады.
                   11. Екінші кезең: сұхбат.
                   11.1. Сұхбаттың мақсаты үміткерлердің кәсіби және жеке құзыреттерінің
            деңгейін,  оқуға  деген  ынтасын,  мемлекеттік  басқару  жүйесінің  стратегиялық
            және бағдарламалық құжаттарын, нормативтік-құқықтық актілер мен заңнаманы
            білу деңгейін айқындау болып табылады.
                   Сұхбат  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерінде  ауызша  жүргізіледі  және
            процесс бейнежазбаға жазылады.
                   Сұхбат  үміткердің  жеке  кабинетінде  көрсетілген  кестеге  сәйкес  офлайн
            форматта жүргізіледі.
                   Бір үміткермен сұхбат жүргізу уақыты 20 минуттан аспайды.
                   Егер үміткер алдына ала белгіленген күн мен уақытта офлайн форматта
            өтетін сұхбатқа келмесе, бағалау тізімдемесіне (ведомость) оның тегіне қарама-
            қарсы  тұста  «келмеді»  деген  белгі  қойылады  және  ол  конкурсқа  қатысудан
            шеттетіледі.
                   Сұхбаттан  қайта  өтуге  не  сұхбаттың  алдын  ала  белгіленген  күні  мен
            уақытын өзгертуге жол берілмейді.
                   11.2. Сұхбатты бағалау критерийлері:
   1   2   3   4   5   6   7   8   9