Page 3 - Технология каз_
P. 3

Білім  беру  бағдарламалары  бөлінісіндегі  конкурстық  комиссиялардың
            шешімі қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде
            заңды болып саналады.
                   6. Аналитикалық эссені, зерттеу жұмысы жоспарының жобасын бағалау
            бойынша        сарапшылар         және     сұхбат      жүргізу      бойынша        конкурстық
            комиссиялардың мүшелері осы Технологияның А және Б қосымшаларына сәйкес
            Міндеттеме мен Құпиялылық саясатына қол қоюы қажет.
                   7.  Үміткерлер  конкурстық  іріктеу  кезеңдерінен  өту  кезінде  конкурстық
            іріктеу  кезеңдерінен  өту  нұсқаулығымен  танысады  және  осы  Технологияның
            В қосымшасына сәйкес Міндеттемеге қол қояды.
                   8.  Үміткер  міндеттемелерді  бұзған  жағдайда  жүйе  нәтижелерін  жойып,
            конкурс кезеңіне тосқауыл қояды.
                   Үміткердің іріктеу кезеңдерінен қайта өтуіне жол берілмейді.

                           2.    Конкурстық іріктеу кезеңдерін өткізу алгоритмі

                   9. Конкурстық іріктеу кезеңдері Ережелердің 21-тармағына сәйкес білім
            беру бағдарламаларына қарай ерекшеленеді.
                   10. Бірінші кезең: аналитикалық эссе жазу.
                   10.1. Аналитикалық эссе – бұл белгілі бір мәселе бойынша жеке ой-пікірі
            (ұстанымы)  мен  талдауын  білдіретін  еркін  жазбаша  жұмыс  және  ол  кәсіби
            қызмет саласынан хабардарлығын анықтауға бағытталуы мүмкін.

                   Аналитикалық эссе мынадай үш құрылымдық компоненттен тұруы керек:
                   1) Кіріспе. Кіріспе мәселені нақтылап, өз ой-пікірін (тезисін), дәлелдеуге
            арналған контекстті жеткізуден тұрады.
                   2) Негізгі бөлім. Негізгі бөлім өз тезисін түсіндіруден, белгіленген мәселе
            бойынша  ағымдағы  жағдайды,  қолданыстағы  заңнамалық  негіздерді,
            дәлелдемелерді  сипаттаудан  және  дәлелдер  келтіруден,  мәселені  шешу
            жолдарын ұсынудан тұрады.
                   3) Қорытынды. Қорытындыда бастапқы ойды (тезисті) түйіндеу бойынша
            тұжырымдар келтіріледі.
                   Аналитикалық эссенің көлемі 1000 сөзден аспауы тиіс.
                   Аналитикалық эссе кестеге сәйкес жеке кабинет арқылы онлайн форматта
            жазылады, процесс бейнежазбаға жазылып отырады және прокторинг жүйесімен
            қамтамасыз етіледі.
                   Аналитикалық  эссені  жазуды  бастамас  бұрын  үміткер  Міндеттемемен
            танысып, танысқандығы туралы белгі қоюы керек.
                   Үміткер аналитикалық эссені жазу тілін таңдауы қажет.
                   Тілді  таңдағаннан  кейін  экранда  аналитикалық  эссе  жазу  кезеңінен  өту
            туралы нұсқаулық көрсетіледі.
                   Танысқаннан  кейін  «Бастау»  батырмасын  басу  керек,  сосын  экранда
            аналитикалық  эссе  тақырыбы  көрсетіледі,  оны  компьютерлік  бағдарлама
            кездейсоқ тәртіппен автоматты түрде шығарады. Аналитикалық эссе тақырыбы
            білім беру бағдарламаларының бағыттарына сәйкес келеді.
   1   2   3   4   5   6   7   8