Page 2 - Кодекс
P. 2

Қазақстан Республикасы
                                                                        Президентінің жанындағы
                                                                        Мемлекеттік басқару
                                                                        академиясы ректорының
                                                                        2024 жылғы «02» шілдедегі
                                                                        № 435 бұйрығына қосымша


                              ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ
                                           МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ
                                     БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ/ТЫҢДАУШЫЛАРЫНЫҢ
                                      ӘДЕП ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ КОДЕКСІ

                                                            Преамбула

                      Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару
               академиясы (бұдан әрі – Академия) әлеуметтік және білім беру рөлін ұғына отырып,
               негізіне  әлем  университеттерінің  зерттеу  және  білім  беру  қызметі  жататын,
               халықаралық ғылыми бірлестік қабылдаған әдеп құндылықтары мен негізге алынатын
               қағидаттарды мақұлдайды.
                      Академияның        білім   алушылары/тыңдаушылары             академиялық       адалдық
               қағидаларын  және  жалпы  қабылданған  моральдық-этикалық  нормаларды  ұстануға
               тырысады.

                                                        1. Жалпы ержелер

                        Осы  Білім  алушылардың/тыңдаушылардың  Әдеп  және  академиялық
               адалдық  кодексі  (бұдан  әрі  –  Әдеп  кодексі)  Академияда  оқу  процесінде  білім
               алушының/тыңдаушының мінез-құлық қағидаларының жүйесін айқындайды.
                        Әдеп кодексі білім алушылардың/тыңдаушылардың өзара қарым-қатынасы
               үшін,  сондай-ақ  профессор-оқытушылар  құрамымен  және  Академияның  басқа  да
               қызметкерлерімен  қарым-қатынас  жасау  үшін  қолайлы  оқу  жағдайларын,  барынша
               қолайлы психологиялық ахуал жасауға бағытталған.
                        Әдеп кодексі Академияда әрбір білім алушы/тыңдаушы үшін міндетті мінез-
               құлық ережелерін белгілейді.
                        Мемлекеттік       қызметші       болып      табылатын,        Академияның        білім
               алушылары/тыңдаушылары  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2015  жылғы  29
               желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік
               қызметшілерінің  Әдеп  кодексінің  (бұдан  әрі  –  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік
               қызметшілерінің Әдеп кодексі) нормаларын басшылыққа алуға міндетті.

                                                      2. Қысқартулар тізімі

                      Академия – «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік
               басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
                      ОПҚ – профессор-оқытушылар құрамы;
                      ББ – білім беру бағдарламасы;
                      Білім алушылар – Академияның магистранттары мен докторанттары;
                                                                                                              2
   1   2   3   4   5   6   7