Page 7 - Кодекс
P. 7
қол қоятын адамдар үшін пікірлер, рецензиялар, ұсынымдар мен
мінездемелер жобаларын дайындау;
қолдан жасалған немесе жалған медициналық анықтамалар немесе жұмысқа
жарамсыздық парақтары сынды Академияға қандай да бір жалған құжаттарды ұсыну.
10. Академиялық жұмысты фабрикация жасау – академиялық жұмыстың
мазмұнын әдейі бұрмалау, яғни:
академиялық өнімде жалған мәліметтерді беру;
зерттеулер мен эксперименттердің деректерін және нәтижелерін ауыстырып
жіберу;
зерттеу барысында алынған жалған ақпаратты ұсыну;
еш жерде жоқ мақалаларға және ойдан шығарылған дереккөздерге сілтеме
жасау;
нәтижеге әсер ететін деректерді қалдырып кету;
дәлелді негізі жоқ қорытындыларды ұсыну.
11. Жасыру – жұмысты жауапсыз орындау және білім алушылардың, не
Академия қызметкерлерінің Кодекс нормаларын сақтамауы туралы ақпаратты айтпау
және жасыру.
12. Сөз байласу – басқа білім алушы үшін тексеруге және бағалауға жататын,
кез келген академиялық жұмысты орындау.
13. Академиялық ақпаратқа заңсызқол жеткізу және (немесе) оны тарату, яғни:
емтихан сұрақтарының жауаптарын беру;
бағалау кезінде қойылатын сұрақтар туралы білім алушыларға мәлімет беру;
тиісті рұқсатсыз бағаланатын жұмыстар үшін ішінара немесе толық
материалды тарату;
дайын баяндамалар, эссе, тапсырмалар, ғылыми жұмыстар, жарияланымдар
және басқа да академиялық жұмыстарды сату немесе сатып алу және/немесе сатуда
көмек көрсетудің басқа да жолдары;
білім алушыларға беру мақсатында электрондық пошта, компьютер арқылы
және т.б. қоса алғанда, бағаланатын жұмыстың жауаптарын кез келген жолдармен
ұрлау.
14. Параға сатып алу – профессор-оқытушылар құрамына, сондай-ақ Академия
қызметкерлеріне түрлі формада сыйақы беру, не сыйақы бермей-ақ, басқа жеке
мүдделілік, осындай мінез-құлыққа тең.
15. Ағымдағы және қорытындыны қоса алғанда, білім алушылардың барлық
жазба жұмыстары плагиатқа тексеруден өтеді.
16. Магистранттардың бітіру жұмыстарын жазу кезінде библиографиялық
тізімдерді және сілтемелерді рәсімдеу талаптары (дереккөздерді дәйексөздеу)
«Магистрлік жобаларды жазу жөніндегі нұсқаулықта» көрсетілген.
17. Ғылыми мақалаларды, монографияларды және диссертацияларды
плагиатқа тексеру қажеттілікке қарай, Зерттеулер жөніндегі комитеттің (бұдан әрі –
Комитет) талабы бойынша жүзеге асырылады.
18. Докторанттар ҚР БҒМ БҒСБК талаптарына сәйкес диссертацияны тексеруді
міндетті түрде дербес іске асырады.
7. Зерттеу әдебінің қағидалары
Қызметкерлер және білім алушылар зерттеу әдебінің келесі қағидаларын
сақтайды:
7