Page 5 - Кодекс
P. 5

1) Академиялық адалдық Лиганың әрбір мүшесінің, оның білім беру процесі мен
               зерттеулерінің негізгі құндылығы болып табылады.
                      2) Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдықтың нақты, әділ және объективті
               стандарттарының,  дәйексөз  және  мінез-құлық  ережелерінің  сақталуын  қамтамасыз
               етеді.
                      3) Лиганың әрбір мүшесі академиялық және / немесе зерттеу мақсаттары үшін
               ұсынылған  сипатына,  мазмұны  мен  көлеміне  қарамастан,  барлық  жазбаша
               жұмыстардың плагиатына міндетті тексеруді қамтамасыз етуге жауапты болады.
                      4)  Лиганың  әрбір  мүшесі  білім  алушының  академиялық  адалдық  қағидалары
               мен стандарттарын бұзғаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
                      5) Лиганың әрбір мүшесі өзінің оқыту нәтижелерін әділ және объективті бағалау
               жүйесі шеңберінде білім алушыларға жоғары талаптар қояды.
                      6) Лиганың әрбір мүшесі үздіктерге ғана өз оқуын аяқтауға мүмкіндік береді.
                      7) Лиганың әрбір мүшесі дипломымен расталған кадрларды даярлау сапасына
               жауапты болады.
                      8) Лиганың әрбір мүшесі оқытушының академиялық адалдықтың принциптері
               мен
                      стандарттарын, өзара құрмет пен әділдікті үйрететін ментор ретіндегі жоғары
               жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
                      9) Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдықты ілгерілету мен қорғау білім
               беру
                      ұйымдарындағы  барлық  білім  алушылар  мен  қызметкерлердің  өзара  күш-
               жігерінің нәтижесі болып табылатынын мойындайды.
                      10) Лиганың әрбір мүшесі өзіне жүктелген міндеттемелерді, оның ішінде Лига
               қызметінің  негізгі  принциптерін  адал  орындауға  міндеттенеді.  Ол  Жарғыға  немесе
               Лиганың      актілеріне,     сондай-ақ     академиялық        адалдық      қағидаттары      мен
               стандарттарына,  соның  ішінде  Лига  қызметінің  негізгі  принциптеріне  сәйкес
               міндеттемелерді орындамағаны үшін ұйымнан шығарылатынын түсінеді.

                                        6. Академиялық адалдықтың бұзылу түрлері

                      1.  Білім  беру  және  зерттеу  қызметінде  көрсетілетін  академиялық  адалдық
               бұзушылықтары  жазбаша  (бақылау,  эссе,  диссертациялық  және  т.б.)  жұмыстарды
               орындау,      емтихандардағы       жауаптар      барысында       нормативтік      талаптардан,
               зерттеулер,  ғылыми  жұмыстар  жазу,  өз  позициясын  білдіру,  әкімшілік-басқару
               персоналымен,  профессор-оқытушылар  құрамы  және  білім  алушылармен  өзара
               қарым-қатынас жасау, сондай-ақ бағалау мен сараптау кезінде ауытқуға әкеп соғады.
                      2.  Плагиат  –  шынайы  автор  ретінде  басқа  тұлғаларға  өзі  туралы  жалған
               мәліметті  жеткізумен  бірге  академиялық,  ғылыми,  зерттеу,  публицистикалық  және
               талдау  қызметі  нәтижелерін,  бөгде  адамның  қорғалатын  еңбек  нәтижелерін  әдейі
               немесе байқамай, толық немесе ішінара заңсыз пайдалану, иелену немесе өз бетінше
               иелік ету.
                      3. Төмендегілер плагиат болып танылады:
                        басқа  адамның  идеялары,  тұжырымдары,  пікірлерінің  немесе  айтқан
               сөздерінің  дереккөздерін  көрсетпей,  оларды  ұсыну,  мәтінді  бір  тілден  екінші  тілге
               алғашқы дереккөзін көрсетпей аударып алу;
                        басқа  адамның  жазбаша  жұмысынан  мәтіннің  бір  бөлігін  немесе  барлық
               мәтінді алғашқы дереккөзіне сілтеме жасамай және дәйексөз алусыз тікелей көшіру

                                                                                                              5
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10