Page 6 - Кодекс
P. 6

(сондай-ақ  Интернеттен  алынған  материалдарды  немесе  өзге  де  электрондық
               дереккөздерді көшіру жатады);
                        мәтіннің  элементтерін  дереккөзін  көрсетпей  өзгертіп  айту  немесе  сөздерді
               ішінара алмастыру;
                        түпкі  деректемені  көрсетпей  және/немесе  автордың  келісімінсіз  ақпараттың
               графиктерін, кестелерін, суреттерін, сызбаларын және визуалды басқа да түсініктерін
               пайдалану;
                        бірлескен  зерттеулер  немесе  басқа  да  оқу  тапсырмаларының  нәтижелерін
               иемдену;
                        басқа  тұлға  жасаған  жұмысты  өз  атыңнан,  толық  немесе  жартылай  ұсыну
               немесе жариялау;
                        жұмыстың  мәтінін  әдейі  бұрмалау,  атап  айтқанда  шрифті  ауыстыру,  басқа
               әліпбидің  символдарын  қолдану,  жұмыстың  мәтініне  арнайы  символдарды  қосу,
               сөздердегі символдардың ретін өзгерту, мәтіннен жарты символды алып тастау және
               т.с.
                      4.  Өзін-өзі  плагиаттау  –  алғашқы  мәтінге тиісті  сілтемелерді  көрсетпей,  жаңа
               деректер  мен  тұжырымдардың  жоқ  болуының  нәтижесі  ретінде  өзінің  бұрын
               жарияланған мәтінін толық немесе ішінара пайдалану.
                      5. Көшіру – біреудің зияткерлік өнімін көшіруді тұспалдайтын білім алушының
               немесе қызметкердің жауапсыз мінез-құлқы.
                      6. Көшіру болып мыналар танылады:
                        емтихан  материалдарына  немесе  тапсырманың  мәнін  ашатын  емтихан
               материалдары туралы ақпаратқа заңсыз жолмен қол жеткізу;
                       шпаргалкаларды, ұялы телефондарды және басқа да құрылғыларды, мәтіндік
               хабарламаларды немесе ақпаратты алудың заңсыз тәсілдерін қолдану;
                        басқа  білім  алушының  жұмысынан  көшіру  (білім  алушының  рұқсатымен  де
               және онсыз да);
                        басқа  білім  алушыға  көшіруге  немесе басқа  білім  алушыларға  жауаптарын
               беруге рұқсат ету;
                        емтиханға  бөлінген  уақыт  аяқталғаннан  кейін  емтихан  тапсырмасын
               орындауды жалғастыру;
                        басқа  білім  алушыға  емтихан  тапсырмасын  орындап  беру  туралы  өтініш
               жасау;
                       басқа тұлғалар тарапынан жоғарыда аталған әрекеттердің бірінің жасалуына
               жәрдемдесу және көмектесу.
                      7. Қайталау – жұмысты өзінікі ретінде, ішінара немесе толық ұсыну талпынысын
               қоса алғанда, әр түрлі бағалау және талаптар шеңберінде бір жұмысты, білім алушы
               жұмыстың авторы болған жағдайда да профессор-оқытушылар құрамының алдын ала
               рұқсатынсыз бұрын басқа курста бағаланған кез келген жұмысты презентациялау.
                      8. Бұрмалау – жалған академиялық жазбаларды немесе басқа да құжаттарды;
               мәліметтерді  (ғылыми  тәжірибе  кезіндегі  бақылауларды,  жазбаларды,  сауалнама
               нәтижелерін  қолдан  жасау);  академиялық  жұмыстағы  қолды  жасау;  академиялық
               жұмысты әдейілеп қолдан жасау немесе бүлдіру.
                       9. Бұрмалауға мыналар жатады:
                       эмпирикалық деректердің жалған зерттеу нәтижелерін жасау; үшінші тұлғалар
               жүргізген ғылыми жұмыстарды/еңбектерді өзінікі ретінде ұсыну;



                                                                                                              6
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11