Page 3 - Кодекс
P. 3
Тыңдаушылар – қайта даярлау курстары мен біліктілікті арттыру
семинарларының тыңдаушылары;
Институттар – Академияның Басқару институты және Дипломатия институты;
Лига – Академиялық адалдық лигасы;
МСҰМ – Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі;
МДК – Магистранттар мен докторанттар кеңесі;
АСК – Академиялық сапа жөніндегі кеңес;
ЗжҚҚБ – Заң және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі;
ҚҚБ – Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімі.
3. Академия білім алушыларының/тыңдаушыларының
этикалық мінез-құлық нормалары
Академияның білім алушылары/тыңдаушылары өз қызметінде осы Әдеп
кодексін және мінез-құлықтың мынадай негізгі моральдық-этикалық қағидаттарын
басшылыққа алады:
жалпы қабылданған адамгершілік нормаларын сақтайды және жалпы
адамзаттық құндылықтарды құрметтейді;
Академиялық адалдық нормаларын сақтайды;
Академияның беделін нығайтуға ықпал етеді және оған зиян келтіруі мүмкін
мінез-құлықтан аулақ болады;
басқалардың құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтейді;
әділетсіз қарым-қатынасқа және кемсітушіліктің, қорлаудың және қудалаудың
барлық түрлеріне жол бермейді;
қарым-қатынаста сыпайылық танытып, күлімсірейді;
жеке ұнатулар мен ұнатпаулардың шешім қабылдауға әсер етуіне жол
бермей, өзінің мінез-құлқын, сезімдері мен эмоцияларын басқара алады;
Академия қызметкерлерімен қарым-қатынаста субординация сақтайды;
Академияның білім алушылары/тыңдаушылары бір-бірімен, ОПҚ-мен және
Академия қызметкерлерімен өзара қарым-қатынаста әдепті, сыпайы болуға, іскерлік
қарым-қатынастың негізгі ережелерін сақтауға, жауапты, адал, тәртіпті және ниеті таза
болуы тиіс;
Академияның білім алушылары/тыңдаушылары ОПҚ-ға, лауазымды
адамдарға және бір-біріне қатысты сыни ескертулерді басқа ОПҚ, лауазымды
адамдар, қызметкерлер мен білім алушылар бар кезде айтпауға тиіс;
егер білім алушы/тыңдаушы ОПҚ немесе басқа лауазымды тұлға қателік
жіберді деп санаса, ол бұл мәселені онымен жеке талқылауы керек. Егер талқылау
нәтижесінде тараптар ортақ пікірге келмесе, білім алушы/тыңдаушы мәселені шешу
үшін жоғары тұрған басшыға жүгінуге құқылы;
егер білім алушы/тыңдаушы жолдасы тарапынан прецедент байқаса, ол бұл
мәселені онымен оңаша талқылауы керек. Егер талқылау нәтижесінде тараптар ортақ
пікірге келмесе, білім алушылар/тыңдаушылар туындаған жағдайды ББ
үйлестірушісімен немесе өз Институтының/МСҚМ өкілімен талқылауға құқылы;
қызметтік немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан барлығына бірдей
дұрыс қарайды;
3