Page 33 - ЭПК
P. 33

Жинау қажет – 6 кредит
                  1. Макроэкономикалық саясат
                  Кредиттер саны                                 3
                  Семестр                                        3 (Күзгі семестр)
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс күрделі ашық макрожүйелерді модельдеу құралдарын пайдалана отырып,
                  макроэкономикалық  мәселелер  бойынша  талдамалық  жұмыстарды  орындау
                  кезінде қажетті зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Макро деңгейде тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін жүйелік динамикалық
                  модельдерді,  оның  ішінде  экзогендік  және  эндогендік  экономикалық  өсу
                  модельдерін қолдана алады

                  2. Мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациялануы
                  Кредиттер саны                                 3
                  Семестр                                        3 (Күзгі семестр)
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс билік органдары мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және азаматтар
                  мен бизнестің мүддесі үшін мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланатын
                  негізгі  цифрлық  технологиялар  мен  технологиялық  шешімдерді  зерттеуге
                  бағытталған
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Негізгі  мемлекеттік  ақпараттық  жүйелермен  жұмыс  істей  алады,  Электрондық,
                  оның     ішінде     Ашық      үкімет    платформасының          ерекшеліктерін      біледі,
                  цифрландырудың           түрлі    жобаларын         біледі;    мемлекеттік       цифрлық
                  платформаларды,  жасанды  интеллект  пен  мемлекеттік  басқаруда  үлкен
                  деректерді қолдану ерекшеліктерін біледі

                  3. Реттеуші әсерді талдау
                  Кредиттер саны                                 3
                  Семестр                                        3 (Күзгі семестр)
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс  кейіннен  мемлекеттік  реттеу  мақсаттарына  қол  жеткізуді  бағалауға
                  мүмкіндік  беретін  енгізілетін  реттеуші  құралдан  пайда  мен  шығындарды
                  салыстыру  және  (немесе)  талаптарды,  реттеуді  қатаңдату  рәсімдерін
                  зерделеуге бағытталған
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Енгізілетін  реттеуші  құралдың  пайдасы  мен  шығындарын  салыстыра  алады;
                  жаңа реттеуші саясатқа сәйкес реттеуші актілерді бағалауды жүргізеді

                     «7М04110 – Адами ресурстарды басқару» білім беру бағдарламасы үшін
                                                  МHRM – 2024 (1 жылдық)

                  Жинау қажет – 4 кредит
                  1. Стратегиялық жоспарлау және болжау
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        2 (Көктемгі семестр)
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесіндегі стратегиялық
                  жоспарлау,  болжау  және  бюджеттеу  процестерінің  негізгі  қағидаттары  мен
                  әдістемесін (МЖЖ құжаттарын әзірлеуден, енгізуден, мониторингтен, түзетуден
   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38