Page 17 - Стратегия АГУ
P. 17
- жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен өндірістен қол
үзбей өңірлік мемлекеттік қызметшілерді нысаналы даярлауға.
Оқуды сәтті (нәтижелі) аяқтаған Басқару институтының түлектері «А»
және «Б» корпустарының басқарушылық лауазымдарына орналасуға дайын
болуы керек.
Кәсіби даму институты мен Академияның филиалдары мемлекеттік
органдардың персоналды басқару қызметтерімен тығыз өзара іс-қимыл
жасай отырып, қайта даярлау курстарында және біліктілікті арттыру
семинарларында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке тұлғалық
құзыреттерін дамыту бойынша сапалы қызмет көрсетеді.
Нәтижеге және практикаға бағдарланған оқыту мемлекеттік
қызметшілердің жеке даму жоспарлары (бұдан әрі – ЖДЖ) негізінде
біліктілікті арттырудың жаңа жүйесіне (tailored program) негізделетін
болады, ЖДЖ-ны мемлекеттік қызметшілердің өзі, тікелей басшысы және
персоналды басқару қызметі мемлекеттік органдардың стратегиялық
индикаторларын ескере отырып әзірлеуі тиіс. ЖДЖ-ны орындау және оқыту
нәтижелерін қолдану мемлекеттік қызметшілерді материалдық және
материалдық емес ынталандыру кезінде ескерілуге тиіс, бұл қолданыстағы
Мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалаудың әдістемесіне
және қаржыландыру тетігіне өзгерістер енгізуді талап етеді.
Мемлекеттік қызметшілерді үздіксіз оқыту тұжырымдамасын іске
асыру онлайн және қашықтықтан оқытуды дамытуды жандандыруды талап
етеді. Өз бетінше меңгеру үшін жаңа курстарды дайындау сабақтарды
жазудың мамандандырылған студиясын сатып алуды және профессор-
оқытушылар құрамы мен шақырылған тренерлер үшін арнайы оқыту
курстарын өткізуді талап етеді.
Қысқа мерзімді сертификаттау бағдарламаларын (Graduate certificate
programs) енгізу меңгерілген сағат көлемін академиялық кредиттерге
аударуға мүмкіндік береді, олар магистр дәрежесін алу кезінде ескерілуі
15