Page 3 - Стратегия АГУ
P. 3
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму
жоспарында жалпыұлттық басымдықтардың бірі ретінде азаматтардың
1
мемлекетпен өзара іс-қимылын жақсарту, мемлекеттік жоспарлаудың
тиімділігін арттыру, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру және
мемлекеттік қызметтің кадр құрамының сапасын арттыру, көрсетілетін
мемлекеттік қызметтердің проактивті форматына көшу, квазимемлекеттік
сектордың тиімділігін арттыру арқылы қалыптастырылатын мемлекеттік
басқарудың жаңа моделі айқындалған. Мемлекеттік аппаратты одан әрі
дамыту ұтқырлықтың, алуан түрліліктің және ашық, мәдениет
ынтымақтастығын көтермелейтін, сондай-ақ білімқұмар қызметшілер мен
бейімді басшылардың болуын көздейтін мемлекеттік қызметтің
инновациялық моделін қалыптастыруға бағытталатын болады.
2023-2025 жылдарға арналған Даму стратегиясы (бұдан әрі –
Стратегия) «халық үніне құлақ асатын», тиімді, есеп беретін, кәсіби және
прагматикалық мемлекет қағидаттарына негізделген мемлекеттік
басқарудың жаңа моделін қалыптастыру шеңберінде Қазақстан
2
Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясының (бұдан әрі – Академия) даму мақсаттары мен міндеттерін
айқындайды.
Мемлекеттік басқарудың сервистік және «адамға бағдарланған»
моделін құру міндеттерінің бірі адами ресурстардың сапасын жақсарту және
мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру болып табылады. Мемлекеттік
органдардың қажеттіліктері қоғамның сұраныстарын шешуде тиімді,
1 «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы
Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018
жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығы
2 «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 522 Жарлығы
1