Page 8 - Стратегия АГУ
P. 8

Екінші бағыт бойынша:
                  -  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Әкімшілігінің  (бұдан  әрі  –  ПӘ),
           Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі –
           МҚІА) және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

           агенттігінің  өтінімдері  бойынша  мемлекеттік  басқару  мен  мемлекеттік
           қызметті дамыту мәселелері бойынша зерттеулер жүргізілді;
                  - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Көші-қон
           жөніндегі халықаралық ұйымның, БҰҰ Даму бағдарламасының, «Эразмус+»
           тапсырысы бойынша бірқатар зерттеу жобалары іске асырылды;
                  -  ғылыми  қызметтің  негізгі  нәтижелерін  жариялау  үшін  Қазақстан
           Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  Білім  және  ғылым
           саласындағы  сапаны  қамтамасыз  ету  комитеті  (қазіргі  –  Қазақстан
           Республикасы  Ғылым  және  жоғары  білім  министрлігі)  ұсынатын
           басылымдар  тізбесіне  «Мемлекеттік  басқару  және  мемлекеттік  қызмет»
           журналын («Экономикалық ғылымдар, мемлекеттік басқару» бағыты) қосу
           және «Scopus» деректер қорына енгізу бойынша жобаның дайындық кезеңі
           аяқталды  (сайттың  редизайны  жүзеге  асырылды,  мақалаларды  беру  және
           рецензиялау жүйесі автоматтандырылды);
                  -  зияткерлік  өнімдерді  электрондық  түрде  жинақтау,  жүйелеу  және
           сақтау  мақсатында  Directory  of  Open  Access  Repositories  (DOAR), Registry  of
           Open  Access  Repositories  (ROAR),  Google  Scholar  тіркей  отырып,  ашық

           репозиторий          құрылды.         Репозиторийде           Академияның            профессор-
           оқытушылар            құрамы         мен       қызметкерлерінің            жарияланымдары,
           докторанттардың  диссертациялары  мен  магистранттардың  жобалары,
           сондай-ақ қысқа мерзімді курс тыңдаушыларының жобалары ұсынылған;
                  -  2022  жылғы  ақпанда  мемлекеттік  басқару,  мемлекеттік  қызмет,
           мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, халықаралық қатынастар, ұлттық және
           өңірлік экономика сияқты бес бағытқа шоғырланған Қолданбалы зерттеулер
           институты құрылды;


                                                            6
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13