Page 7 - Стратегия АГУ
P. 7

- бес құзыреттілік бойынша ассессмент-орталықтың есептері негізінде
           магистранттар  мен  докторанттарды  оқытудың  құзыреттілік  моделі  іске
           асырылды  (талдау  және  шешім  қабылдау,  көшбасшылық,  инновативтілік
           және өзгерістерді басқару, сендіре білу (сенімділік), қызметті басқару);

                  -          оқуға           қабылдауды                ақпараттық               платформа
           (https://admission.apa.kz/ru)  арқылы  онлайн  форматқа  аудару  жүзеге
           асырылды;
                  -  іріктеу  кезеңдерін  өзгерту,  мемлекеттік  тілді  білудің  жеткілікті
           деңгейін растау (QAZAQ RESMI TEST немесе Қазтест) бойынша талапты енгізу
           және  кейбір  бағдарламалар  бойынша  ағылшын  тілін  білуге  арналған
           сертификатты (IELTS, TOEFL, PIPLET) ұсыну бойынша талапты алып тастау
           бөлігінде оқуға қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілді;
                  -  магистратура  және  докторантура  бағдарламаларына  оқуға  түсу
           бойынша ақпараттық жұмыс жүргізу тәсілдері қайта қаралды;
                  - Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігі (IQAA)
           8D04113        «Экономика»;          8D04114        «Мемлекеттік         басқару»;       8D0315
           «Халықаралық  қатынастар»  3  докторлық  бағдарламасын  5  жыл  мерзімге
           аккредиттеді;
                  -  коучинг  технологиялары  мен  ассессмент-орталық  құралдарын
           қолдана  отырып, біліктілікті  арттырудың  корпоративтік  семинарларының
           жобасы іске асырылды;

                  -    «E-kyzmet»       АЖ-мен        интеграциялау          жолымен         электрондық
           сертификаттар беру процесі іске қосылды;
                  -  оқу  процесін  толық  автоматтандыра  отырып,  «Магистратура  мен
           докторантурада              оқу»        LMS         модулі         пайдалануға            берілді
           (https://icademium.apa.kz);
                  - 2021 жылдың қорытындысы бойынша оқыту сапасына қанағаттанған
           мемлекеттік қызметшілердің үлесі 94,14%-ды құрады, жоспарлы көрсеткіш –
           93,5%.


                                                            5
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12