Page 4 - Стратегия АГУ
P. 4

бейімделгіш және нәтижелі болуға ұмтылған мемлекеттік қызметшілердің
           кәсіби  және  жеке  тұлғалық  құзыреттерін  үздіксіз  дамытумен  тығыз
           байланысты.
                  Стратегияда  кадрлардың  біліктілігін  арттыру  бойынша  мемлекеттік

           органдар  мен  өзге  де  ұйымдар  үшін  құзыреттер  орталығы  ретінде,
           мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелері бойынша
           қолданбалы  зерттеулер  жүргізу  жөніндегі  талдау  орталығы  ретінде
           Академияны  дамудың  жаңа  деңгейіне  шығаратын  негізгі  басымдықтар
           көрсетілген.
                  Академияның көзқарасын, миссиясы мен құндылықтарын назарға ала
           отырып, осы Стратегия «Жаңа Қазақстанды»  құру аясында және еліміз бен
                                                                      3
           әлемде  болып  жатқан  өзгерістер  мен  трендтер  жағдайында  алға  қойған
           мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін  әзірленді.  Стратегиялық  басымдықтар
           Академияның  стратегиялық  HR  институтының   бөлігі  ретінде  дамуына
                                                                           4
           ықпал етеді.
                  Академия – мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және
           олардың  біліктілігін  арттыру  бойынша  заңмен  бекітілген  мәртебесі  бар
           жалғыз жоғары оқу орны.
                  Академияның  басты  институционалдық  міндеті  –  әлеуеті  мен
           мүмкіндіктері  мемлекетті  жоғары  кәсіби  мемлекеттік  қызметшілермен
           қамтамасыз ете алатын бірегей әрі озық білім беру және зерттеу мектебін

           құру.
                  Академияның           қызметі        Жаңа       Қазақстан        үшін       мемлекеттік
           қызметшілердің  жаңа  типін  қалыптастыруға  бағытталған.  Стратегиялық
           мемлекеттік  аппараттан  инновациялық  мемлекеттік  аппаратқа  көшу  жаңа



           3   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты 2022 жылғы 16
           наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы
           4  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты 2022 жылғы 1
           қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы

                                                            2
   1   2   3   4   5   6   7   8   9