Page 6 - Стратегия АГУ
P. 6

ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙ

                  Академияның  2020-2023  жылдарға  арналған  Даму  стратегиясына
           сәйкес  жұмыс  келесідей  4  бағыт  пен  8  стратегиялық  бастама  бойынша

           жүргізілді:
                  I. Кәсіби оқыту және сапалы сабақ беру
                  1.  Қызметкерлердің кәсіби деңгейі мен еңбек өнімділігін арттыру
                  2.  Білім  беру  үрдісінің  тиімділігін  арттыру  және  оқытудағы  жаңа
           технологиялар
                  3.  Қуатты филиалдар – қуатты Академия
                  II.  Нәтижеге бағытталған зерттеулер
                  4. Зерттеу жүргізу мен білім беруде озық болу
                  III. Тиімді әріптестік пен ынтымақтастық
                  5.  Мемлекеттік  органдар  қызметінің  тиімділігін  арттыруға  және
           мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге жәрдемдесу
                  6.  Үздік  әлемдік  тәжірибелерге  сәйкес  Академияны  басқару  жүйесін
           құру
                  7.  Халықаралық           ынтымақтастықтағы               Академияның           саясатын
           жаңғырту
                  IV.  Қазіргі заманғы инфрақұрылым
                  8.  Білім беру үдерісін цифрлық кеңістікке интеграциялау

                  Бірінші бағыт бойынша келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
                  -    мемлекеттік        органдардың          қажеттіліктерін         ескере      отырып,
           магистратура          мен     докторантураның            білім      беру     бағдарламалары
           жаңартылды;
                  -  оқу  мерзімі  1  жыл,  өндірістен  қол  үзбей  жүргізілетін  «Мемлекеттік
           басқару»  және  «Өңірлік  даму»  магистрлік  білім  беру  бағдарламалары  іске
           асырылды;




                                                            4
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11