Page 14 - СБОРНИК КЕЙСОВ_03.04.2025 (002)_
P. 14
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН
КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ
елдімекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтау мүлдем жоқ және су
аптасына бір рет цистерналармен жеткізіледі. Бұл халықтың денсаулығына,
әсіресе балалар мен қарт адамдарға үлкен қауіп әкеледі.
Мәселенің негізгі себептері:
1. Ескі инфрақұрылым: бірнеше онжылдықтар бұрын салынған су желілері
тозған және күрделі жөндеуді немесе толық ауыстыруды қажет етеді. Бұл судың
ағып кетуіне және ластануына әкеледі.
2. Қаржыландырудың болмауы: облыс деңгейінде қаржыландырудың
жеткіліксіздігі сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту бойынша ірі жобаларды
іске асыруға мүмкіндік бермейді.
3. Білікті мамандардың жетіспеушілігі: ауылдық елді мекендерде су
құбыры желілеріне жөндеу және қызмет көрсетуге қабілетті мамандардың
жетіспеушілігі байқалады.
4. Нашар үйлестіру: жергілікті және облыстық билік сумен жабдықтау
мәселесін шешу бойынша өз іс-әрекеттерін әрдайым тиімді үйлестіре бермейді,
бұл жобаларды іске асыруда кідірістерге әкеледі.
Шешу жолдары:
Су құбыры желілерін жаңғыртуға, мамандарды тартуға және биліктің
әртүрлі деңгейлері арасындағы үйлестіруді жақсартуға шұғыл түрде қосымша
қаражат бөлу қажет. Сондай-ақ, жаңа ұңғымаларды бұрғылау немесе суды
тазарту жүйелерін енгізу сияқты балама су көздерін қарастырған жөн.
Дайындаған: Нуртазинова Акбаян Сериковна, Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлытау
облысы филиалының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты
Кейс: Шалғай аудандардағы жол мәселесі
Мәселе:
Шалғай аудандарда халық көлікке қолжетімділік проблемаларына тап
болады, әсіресе қыс мезгілінде, ауа-райының қолайсыздығына байланысты
көптеген жолдар жабылады. Кейбір ауылдардың тұрғындары бірнеше ай бойы
оқшауланған күйде қалады, бұл азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да өмірлік
ресурстарды жеткізуді қиындатады.
Бұл мәселенің себептеріне мыналар жатады:
1. Жолдардың нашар жағдайы: шалғай аудандардағы жолдардың
көпшілігінде асфальт жабыны жоқ және дұрыс ұсталмайды, әсіресе қыс
мезгілінде.
13