Page 13 - СБОРНИК КЕЙСОВ_03.04.2025 (002)_
P. 13
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН
КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ
Бүгінгі таңда осы мәселені шешу үшін ауыл әкімдігі ауылдағы шаруа
қожалықтарынан демеушілік көмек сұрайды. Алайда, шөп шабу науқаны
уақытында шаруа қожалықтарының уақыты болмайды. Нәижесінде шаруа
қожалықтары демеушілік жасамаса, ауылды таза ұстап, қоқыс пен тұрмыстық
қатты қалдықтан тазарту мүмкін болмайды.
Шешу жолдары:
Ауылдық округ әкімдігінің балансына арнайы құрал жабдықтарымен
жабдықталған трактор сатып алу.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-
өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N
148 Заңының 35-бабына «Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің балансына
коммуналдық меншікке тікелей техника сатып алу» деген пункт қосуын
ұсынамыз. Заңға осындай өзгеріс енгізген жағдайда ауылдық округ әкімдіктері
бюджеттік өтінімге салып техника сатып алу үшін қаражат сұрауға болады.
«Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту
туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212
бұйрығына сәйкес, коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес
заңды тұлғаларға мүліктік жалға беруге болады. Заңға өзгеріс еніп, техника алу
мүмкіндігі болатын болса 4-деңгейлі бюджетке сәйкес, ауылдық округтің өз
бюджетін қосымша арттыруға мүмкіндік болар еді.
Ащысай ауылдық округіндегі санитарлық және абаттандыру мәселелерін
шешудің осы жолы шамамен 15 млн. теңге көлеміндегі коммуналдық техниканы
сатып алуға мүмкіндік берер еді. Бұл бірқатар жағымды нәтижелерге жеткізеді:
Ащысай ауылдық округіне қарасты ауылдарды 100% қатты тұрмыстық
қалдықтардан тазарту;
Ауылдың әл-ауқатын көтеру;
Халықтың осал топтарына шөп шабу науқаны уақытында көмек беру
және тұрмыстық қатты қалдықтарын шығару;
Ауыл көшелерінің асфальтталмаған бөліктерін қыру және тазалау;
Жергілікті бюджетті қызмет көрсету арқылы көтеру.
Дайындаған: Есберген Раушан Әкімгерейқызы, ҚР Президентінің
жанындағы МБА Ақтөбе облысы бойынша филиалының профессоры, э.ғ.к.
Кейс: Ауылдық елдімекендердегі таза ауыз су мәселесі
Мәселе:
Облысымыздың бірнеше ауылдық елдімекендерінде таза ауыз суға қол
жеткізуде үлкен мәселе туындады. Тұрғындар көбінесе санитарлық нормаларға
сәйкес келмейтін ұңғымалардан суды пайдалануға мәжбүр. Кейбір
12