Page 36 - СБОРНИК КЕЙСОВ_03.04.2025 (002)_
P. 36

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН
                                                                                   КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ


                   «Құқықтық  актілер  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының  12-
            бабының  1-тармағына  сәйкес  әртүрлі  деңгейдегі  нормативтік  құқықтық

            актілердің  нормаларында  қайшылықтар  болған  кезде  неғұрлым  жоғары
            деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.
                   Осы  баптың  2-тармағына  сәйкес  заңдар  нормаларының  Қазақстан
            Республикасы  кодекстерінің  нормаларымен  алшақтығы  болған  жағдайларда,
            олар  кодекстерге  тиісті  өзгерістер  және  (немесе)  толықтырулар  енгізілгеннен
            кейін ғана қолданылуы мүмкін.
                   Жоғарыда  айтылғандардың  негізінде  Заң  мен  Кодекс  нормаларында
            қайшылықтардың  болуын  ескере  отырып,  азаматтарға  жеке  тұрғын  үй
            құрылысына жер учаскелерін беру кезінде Кодекс басшылыққа алынады, Ұлы

            Отан соғысының ардагерлеріне теңестiрiлген ардагерлерге әлеуметтік қолдау
            шарасын ұсыну мүмкіндігі болмайды.

                   Дайындаған:  Хаирова  Гүлназым  Сериковна,  Академияның  Батыс
            Қазақстан облысы бойынша филиалының аға оқытушысы


                   Кейс: Облыс аумағындағы жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер
            учаскелерінің кезектілігі мәселесі бойынша

                   Мәселе:  Бүгінгі  күні  облыста  162683  азамат  кезекте  тұр,  оның  басым
            көпшілігі Қызылорда қаласының үлесінде – 102537 (63 пайызы).
                   Жеке  тұрғын  үй  құрылысы  үшін  жер  учаскесін  бөлудің  ең  басты
            проблемасы инфрақұрылыммен (су, свет, газ, жол) қамтамасыз етілген дайын
            алаңдардың болмауы.

                   Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 44-бабының
            6-тармағының үшінші бөлігінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері
            сұралған  кезде  азаматтардың өтініштері  арнаулы  есепке алынады және бөліп
            беруге арналған алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы
            үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады.
                   Осыған сәйкес, республикалық бюджеттен жылына белгілі бір мөлшерде
            қала, аудан орталықтарынан инфрақұрылыммен (су, свет, газ, жол) қамтамасыз

            етілген дайын алаңдарды дайындауға қаржы бөлу қажет.



                   Шешу жолдары:
                   Сонымен  қатар,  жеке  тұрғын  үй  құрылысы  үшін  жер  учаскелерін  беру
            механизмдерін жетілдіру мақсатында өз тарапынан төмендегідей ұсыныстарын

            білдіреді.
                   1. Кодекс пен Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар
            беру қағидасына тиісті өзгерістер енгізе отырып, жеке тұрғын үй құрылысы үшін

                                                           36
   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41