Page 39 - СБОРНИК КЕЙСОВ_03.04.2025 (002)_
P. 39

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН
                                                                                   КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ



                         VI.    Мемлекеттік қызметшінің этика, жауапкершілік және имидж
                                                               мәселелері


                   Кейс: Мемлекеттік қызметшілердің этикасы және тәртіпсіздік: қоғамдық
            пікір,  жауапкершілік

                   Мәселе:
                   Жұмыстан  тыс  уақытта  жергілікті  атқарушы  органның  мемлекеттік
            қызметшілері жоғары лауазымға әріптестерінің бірінің тағайындалуын атап өтіп
            жатқан. Алкогольді ішімдіктер ішілгеннен кейін ұрыс-керіс шығып, ол төбелеске

            ұласқан. Осы мейрамхананың келушілері болып жатқан оқиғаның еріксіз куәгері
            болған. Тәртіпсіздік нәтижесінде мейрамханаға айтарлықтай материалдық залал
            келтіріліп,  кейіннен  интернетте  осы  оқиғаны  көрген  кісінің  оқиға  жайындағы
            бейнежазбасы  пайда  болған.  Аталған  жағдай  осы  тұлғаларға  қатысты  шұғыл
            шешім қабылдауды талап етіп, қоғамда  негативті резонанс тудырды.


                   Шешу жолдары:
                   Бұл жағдайда мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен тәртібіне қатысты
            мәселелер көтерілген, сондықтан оқиғаға қатысты барлық құқықтық, тәртіптік
            және әлеуметтік шаралар қолға алынуы қажет.
                   Мемлекеттік  қызметшілердің  қызметтік  міндеттеріне  сәйкес,  олар
            қоғамның сенімі мен кәсіби этиканы бұзбауға тиіс, ал бұзылған жағдайда, заңды
            жауапкершілікке тартылуы тиіс.
                   Мемлекеттік  қызметшілердің  тәртіпсіздікке  қатысты  әрекеттері  олардың

            кәсіби міндеттерін орындау мен қоғам алдындағы жауапкершіліктеріне нұқсан
            келтіреді.  Бұл  жағдайда  мемлекеттік  қызметшілерге  қатысты  тәртіптік  тергеу
            басталуы  тиіс.  Қазақстан  Республикасының  «Мемлекеттік  қызмет  туралы»
            заңына  сәйкес,  мемлекеттік  қызметшілердің  этикалық  нормаларды  бұзуы
            немесе  қоғамға  теріс  әсер  етуі  негізінде  тәртіптік  жауапкершілікке  тартылуы
            мүмкін.
                   Егер төбелес барысында қандай да бір заң бұзушылық орын алса (мысалы,

            денсаулыққа зиян келтіру, қоғамдық орынға зақым келтіру), қылмыстық немесе
            әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл жағдайға қатысты құқық қорғау
            органдары тексеру жүргізуі тиіс.
                   Мейрамханаға  келтірілген  материалдық  залалдың  орнын  толтыруы,
            төбелес  нәтижесінде  орын  алған  шығындар  (мысалы,  мейрамхана  мүлкінің
            бүлінуі) мемлекеттің қызметшілер тарапынан өтелуі тиіс.
                   Интернетте тараған бейнемазмұн қоғамда теріс пікірлер тудыруы мүмкін.
            Бұл жағдайда жергілікті атқарушы органдар ресми мәлімдеме жасап, оқиғаның

            мән-жайын  түсіндіруге,  тиісті  шаралардың  қабылданатынын  хабарлауға  тиіс.
                                                           39
   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44