Page 23 - Академиялық саясат
P. 23

14.7. Білім алушының жеке оқу жоспары оқу пәндерінің тізбесін, олардың еңбек
            сыйымдылығын  (кредитпен  және  сағатпен),  семестрлер,  олар  меңгерілетін  әріптес
            жоғары  және  (немесе)  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  ұйымдары  бойынша
            бөлуді, қайта есепке алу тәртібін қамтиды.
                  14.8.  Екі  дипломдық  білім  берудің  ББ-ы  ҚР  МЖМБС  талаптарын  және  әріптес
            ЖЖОКБҰ ұйымының талаптарын ескереді.
                  14.9. Екі тараптың ББ пәндер тізбесі білім алушының жеке оқу жоспарын жасау
            кезінде ескеріледі. Сонымен бірге білім алушы практиканың барлық түрлерінен және
            қорытынды аттестаттаудан толық көлемде өтеді.
                  14.10.  Екі  дипломдық  білім  беру  бағдарламалары  бойынша  оқыту  кезінде
            оқытудың әртүрлі технологияларын, оның ішінде қашықтықтан оқыту технологиялары
            пайдаланылуы мүмкін.
                  14.11.  Екі  дипломдық  білім  беру  бағдарламасын  іске  асыру  үшін  Академияда
            әріптес  ЖЖОКБҰ-мен  Меморандум/Келісім,  Шарт  болуы  тиіс.  Білім  алушының  оқу
            мерзімдері,  қаржыландыру  көлемі,  міндеттемелері  және  басқа  да  мәселелер
            Академия,  білім  алушы  және,  қажет  болған  жағдайда,  мемлекеттік  орган  немесе
            әріптес ЖЖОКБҰ арасындағы шартта не қосымша келісімде көрсетіледі.
                  14.12. Білім алушы екі дипломдық білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін
            Институт директоратына/МСҰМ-ға транскрипті бар дипломды қоса алғанда, барлық
            құжаттарды  қоса  бере  отырып,  өзі  жасаған  жазбаша  есепті  ұсынады  және  екі
            дипломдық білім беру бағдарламасын өткені туралы жария есепті ұсынады.
                  14.13.  Әріптес  ЖЖОКБҰ-да  білім  алушылардың  кредиттерді  игеру  нәтижелері
            бағдарламаның талаптарын ескере отырып ҒК-те қайта есептеледі.

                                                 15. Бағалау жүйесі

                  15.1.  Білім  алушылардың оқу  тапсырмаларының барлық  түрлері  бойынша  оқу
            жетістіктері  кредиттік  технология  талаптарына  сәйкес  білімді  бағалаудың  балдық-
            рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады:

                 Әріптік жүйе           Сандық              Балл (%-дық                Дәстүрлі жүйе
                   бойынша            эквивалент              мазмұны)               бойынша бағалау
                   бағалау

                   А                    4,0                95-100                        Өте жақсы
                   А-                   3,67               90-94
                   В+                   3,33               85-89                            Жақсы

                   В                    3,0                80-84
                   В-                   2,67               75-79
                   С+                   2,33               70-74

                   С                    2,0                65-69                      Қанағаттанарлық
                   С-                   1,67               60-64
                   D+                   1,33               55-59

                   D-                   1,0                50-54
                   FX                   0,5                25-49                    Қанағаттанарлықсыз

                   F                    0                  0-24
   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28