Page 8 - Академиялық саясат
P. 8

5. Білім беру бағдарламалары

                  5.1.  Академияның ББ-ы жаңа формациядағы кәсіби басқарушыларды даярлауға
            бағытталған.  Академияның  ҒК  жыл  сайын  ББ-ны  олардың  қазіргі  заманғы  сын-
            қатерлерге  және  мемлекеттік  басқару  және  мемлекеттік  қызмет  талаптарына
            сәйкестігі тұрғысынан қайта қарайды және бекітеді.
                  5.2.  Академия  ББ-ны  бейіндік  бағыт  бойынша  іске  асырады:  1  (бір),  1,5  (бір
            жарым) және 2 (екі) жыл оқу мерзімімен магистратура және 3 (үш) жыл оқу мерзімімен
            докторантура.

                                           6. Оқу процесін ұйымдастыру

                  6.1. Академияда оқыту магистратура мен докторантураның әрбір  ББ бойынша
            мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүзеге асырылады.
                  6.2. Академияда оқыту күндізгі оқу нысаны бойынша, оның ішінде қашықтықтан
            білім беру технологияларын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
                  Аралас оқыту форматын – бір ББ шеңберінде онлайн-курстардың (нақты уақыт
            режимінде), қашықтықтан, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
            мен  телекоммуникациялық  құралдарды  және  офлайн  оқыту  форматтарын  қолдана
            отырып жүргізуге жол беріледі.
                  6.3. Оқу сабақтары күн сайын дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге
            дейінгі уақыт аралығында оффлайн форматта ұйымдастырылады.
                  Өндірістен  қол  үзбей  жүргізілетін  ББ  үшін  оқу  процесі  күн  сайын  дүйсенбіден
            сенбіге дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейінгі уақыт аралығында оффлайн режимде,
            сондай-ақ      сағат    19.00-ден     22.00-ге     дейінгі   аралықта      онлайн      режимде
            ұйымдастырылады.
                  6.4.  Бір  оқу  жылы  шеңберінде  оқу  процесін  ұйымдастыру  Ғылыми  кеңестің
            шешімімен  бекітілетін,  Академиялық  күнтізбе  негізінде  жүзеге  асырылады.
            Академиялық күнтізбеде оқу жылы ішіндегі оқу сабақтарын, аралық және қорытынды
            аттестаттауды,  кәсіптік  практикаларды,  тағылымдамаларды  және  оқу  жұмысының
            басқа  да  түрлерін  өткізу  кезеңдері,  демалыс  күндері  (каникулдар  мен  мерекелер)
            көрсетіледі.
                  6.5.  Оқу  жылы  академиялық  кезеңдерден  (теориялық  оқыту  семестрлерінен),
            аралық  аттестаттаудан  (емтихандар,  емтихан  сессиялары),  демалыс  кезеңдерінен,
            кәсіптік     практикадан,      тағылымдамадан,         академиялық        және      қорытынды
            аттестаттаудан тұрады.
                  6.6. Әрбір академиялық кезең білім алушыларды аралық аттестаттау кезеңімен
            (емтихан сессиясы/қорытынды бақылау) аяқталады.
                  6.7.  Әрбір  оқу  жылы  (магистратура  мен  докторантураның  бітіру  курстарын
            қоспағанда)      академиялық       аттестаттау     кезеңімен      аяқталады.     Академиялық
            аттестаттау келесі жылға ауыстыру үшін негіз болып табылады.
                  6.8.  Демалыс  білім  алушыларға  әр  академиялық  кезеңнен  кейін  беріледі,  бұл
            ретте бітіру курсын қоспағанда, оқу жылындағы демалыс уақытының ұзақтығы кемінде
            7 аптаны құрайды.
                  6.9. Практика білім алушының оқу жұмысының міндетті түрі болып табылады. Оқу
            процесін  ұйымдастыру  кезінде  практиканы  академиялық  кезеңнен  бөлек  те,
            академиялық кезеңмен қатар да енгізуге жол беріледі.
                  6.10.  Практика  нәтижелері  аралық  аттестаттаудың  қорытындыларын  шығару
            кезінде ескеріледі.
                  6.11. Практикалардың ұзақтығы кемінде 30 сағатқа тең (5 күндік жұмыс аптасы
            кезінде күніне 6 сағат) апта ішінде практикадағы білім алушының нормативтік жұмыс
            уақытына сүйене отырып аптамен айқындалады.
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13