Page 9 - Академиялық саясат
P. 9

6.12.  Қосымша  оқуға  деген  қажеттілікті  қанағаттандыру,  ББ-дағы академиялық
            берешекті  немесе  айырманы  жою,  аралас  немесе  қосымша  ББ,  оның  ішінде  екі
            дипломдық  білім  беру  шеңберінде  игеру  үшін  ұзақтығы  кемінде  6  апталық  жазғы
            семестр (магистранттардың бітіру курсын қоспағанда) енгізуге жол беріледі.
                  6.13. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір академиялық кредит оның
            барлық түрлері үшін 30 академиялық сағатқа тең болады. Оқу жұмысының барлық
            түрлері бойынша бір академиялық сағат 50 минутқа тең. Онлайн/қашықтықтан оқытуға
            көшу  кезінде  жетекшілік  ететін  вице-ректордың  тиісті  өкімі  болған  жағдайда  оқу
            жұмысының  барлық  түрлері  бойынша  40  минутқа  дейін  1  (бір)  академиялық  сағат
            өткізуге жол беріледі.
                  6.14.  Білім  алушылардың  өзіндік  жұмысы  екі  бөлікке  бөлінеді:  оқытушының
            жетекшілігімен  орындалатын  өзіндік  жұмыс  (ОБӨЖ)  және  толығымен  өз  бетінше
            орындалатын жұмыс (БӨЖ).
                  6.15. БӨЖ барлық көлемі білім алушыдан күнделікті өзіндік жұмысты талап ететін
            тапсырмалармен расталады.
                  6.16. Интерактивті сабақтар/дәрістер, ОБӨЖ және БӨЖ арақатынасы тиісінше
            академиялық сағаттардың 10/10/10 арақатынасында айқындалады.
                  6.17.  Академиялық  топтар  сол  пәнге  және  сол  оқытушыға  жазылған  білім
            алушылардың  жеткілікті  саны  және  олардың  тиімділігінің  жеткілікті  деңгейіне  қол
            жеткізу қағидаты бойынша құрылады. Аудиторлық сабақтарды жоспарлау, әдетте, 10
            (он) адамнан 50 (елу) адамға дейінгі академиялық топтар үшін, 10 білім алушыдан аз
            қабылданған  топтарды  қоспағанда,  жүзеге  асырылады.  Тілдік  пәндер  бойынша
            практикалық сабақтар 10 білім алушыдан аз қабылданған топтарды қоспағанда, саны
            8 (сегізден) 14 (он төрт) адамға дейінгі кіші топтар бойынша жоспарланады. Әртүрлі
            Институттардың/МСҰМ  білім  алушыларынан  қандай  да  бір  пәнді  оқу  бойынша
            топтар/лектер ұйымдастырылуы мүмкін.
                  6.18.  БСО  білім  алушыларды  аралық  аттестаттау  нәтижелерінің  мониторингін
            және  оларды  талдауды  жүргізеді.  Білім  алушыларды  аралық  және  қорытынды
            аттестаттауды Институттар/МСҰМ БСО-мен бірлесіп ұйымдастырады.
                  6.19. Білім алушылардың жазбаша жұмыстарының барлық түрлері Академияда
            пайдаланылатын  басқа  мәтінді  пайдалануды  анықтау  жүйесіндегі  мәтіннің
            бірегейлігіне (басқа мәтінді пайдалану мәніне) міндетті тексеруден өтеді.
                  6.20.  Академия  басқа  мәтінді  пайдалану  мәніне  тексеру  жүргізу  қағидаларын
            анықтайды және оның сақталуын қамтамасыз етеді.
                  6.21.  Тексерілген  магистрлік  жобалар  мен  докторлық  диссертациялар  басқа
            мәтінді пайдалануды анықтау жүйесінде сақталады.
                  6.22. Әрбір оқытушы ББ мен силлабус негізінде оқыту әдістерін, оқу сабақтарын
            ұйымдастыру және өткізу тәсілдері мен нысандарын дербес таңдайды.
                  6.23. Бекітілген кесте шеңберіндегі өткізілмеген барлық оқу сабақтары жетекшілік
            ететін вице-ректор бекітетін жеке кестеге сәйкес ауыстырылуы және өткізілуі тиіс.
                  6.24.  Институттар/МСҰМ  оқу  процесін  іске  асыруға  жауапты.  Оқу  сабақтарын
            өткізу  мониторингін  БСО  жүзеге  асырады.  Оқу  сабақтарын  өткізу  мониторингі  білім
            беру  процесіне  кедергі  келтірмеуі  және  оқытушыға  және/немесе  білім  алушыларға
            қолайсыздық туғызбауы тиіс.
                  6.25. Оқытуды жеке жоспарлау үшін Институттар/МСҰМ білім алушыларға оқу-
            әдістемелік материалдар пакетін ұсынады:
                    БЖДБ үлгісі (білім алушының жеке даму бағдарламасы) (1-қосымша);
                    силлабустар;
                    өз бетінше оқуға, әр пән бойынша өзін-өзі бақылауға арналған материалдар,
                   бақылау тапсырмалары, кейстер, ситуациялық тасырмалар (БӨЖ және ОБӨЖ
                   үшін);
                    білім алушының құзыреттілігін бағалау нәтижелері (бар болса);
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14