Page 10 - Document
P. 10
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де
қаражат көздері есебінен, Академияның басқа ұйымдармен жасасқан келісім
шарттарына сәйкес, осы Қағидаларда қарастырылған шарт жасалған жағдайда.
28. Академия білім алушылармен мынадай шарттардың түрлерін жасасады:
- осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғалардың
қаражаты есебінен Академия мен Білім алушылар арасында жоғары оқу орнынан
кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары (магистратура) бойынша оқуды
ұйымдастыруға арналған екі жақты шарттар;
- осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Академия, Білім
алушы және аталған тұлғаны Академияға оқуға жіберген мемлекеттік орган
арасындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары
(магистратура, докторантура) бойынша оқуды ұйымдастыруға арналған үш
жақты шарттар;
- осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім алушының
қаражаты есебінен, Академия, Білім алушы және мемлекеттік орган арасындағы
жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары (магистратура,
докторантура) бойынша оқуды ұйымдастыруға арналған үш жақты шарттар;
- осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Академия, Білім
алушы және аталған тұлғаны Академияға оқуға жіберген заңды тұлға
арасындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары
(магистратура) бойынша оқуды ұйымдастыруға арналған үш жақты шарттар;
- осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Академия, Білім
алушы, әріптес ұйым және аталған тұлғаны Академияға оқуға жіберген
мемлекеттік орган арасындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру
бағдарламалары (магистратура) бойынша оқуды ұйымдастыруға арналған төрт
жақты шарттар;
- осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Академия,
модульді оқыту принципі бойынша Білім алушы және аталған тұлғаны
Академияға оқуға жіберген заңды тұлға арасындағы жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру бағдарламалары (магистратура) бойынша оқуды
ұйымдастыруға арналған үш жақты шарттар;
- осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, өз қаражаты
есебінен, Академия мен өз қаражаты есебінен модульді оқыту принципі
бойынша Білім алушы арасындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім
беру бағдарламалары (магистратура) бойынша оқуды ұйымдастыруға арналған
екі жақты шарттар.
29. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары (магистратура,
докторантура) бойынша білім алушылар қатарына қабылдау оқуға
қабылданғаны туралы хатпен расталады.
Академияда оқуға конкурстық іріктеуден өтпеген үміткерлерге жазбаша
хабарлама жіберіледі.