Page 8 - Document
P. 8
17. Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білім алған Қазақстан
Республикасының азаматтары бірдей білім беру деңгейінің мемлекеттік білім
беру тапсырысы бойынша қайта оқуға үміткер бола алмайды.
18. Құжаттардың жарамсыздығы және (немесе) үміткерлер ұсынған
мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайда Академия кез келген кезеңде
құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқылы.
19. Үміткер білім беру бағдарламаларының біріне құжат тапсырады және
таңдалған бағдарлама бойынша конкурстық рәсімдерден өтеді.
4. Конкурсты өткізу тәртібі
20. Конкурстық іріктеуге Академияның ақпараттық жүйесінде тіркеуден
өткен және осы Қағидалардың 10-16 тармақтарында көрсетілген талаптарға сай
келетін тұлғалар қабылданады.
21. Академияға оқуға түсуге конкурстық іріктеу келесідей кезеңдерден
тұрады:
21.1. магистратураның бір және екі жыл оқу мерзімімен, өндірістен қол үзіп
білім беру бағдарламаларына конкурстық іріктеу екі кезеңнен тұрады:
1) кейсті шешу;
2) мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде сұхбат.
21.2. Өзге де қаржыландыру көздері есебінен негізгі кәсіптік қызметпен
қоса модульдік оқыту қағидаты бойынша бір жыл оқу мерзімімен
магистратураның білім беру бағдарламаларына және өзге де қаржыландыру
көздері есебінен кешкі уақытта және демалыс күндері оқыту форматымен
магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша конкурстық іріктеу бір
кезеңнен – мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдеріндегі сұхбаттан тұрады.
21.3. докторантураның үш жыл оқу мерзімімен, өндірістен қол үзіп білім
беру бағдарламаларына конкурстық іріктеу үш кезеңнен тұрады:
1) зерттеу жұмысы (research proposal) жоспарының жобасын бағалау;
2) кейсті шешу;
3) мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде сұхбат.
22. Академияға оқуға қабылдау туралы шешім конкурстық іріктеудің
барлық кезеңінен сәтті өткен үміткердің қорытынды бағасы негізінде
қабылданады.
Қорытынды баға − балдардың үлес салмағын ескере отырып, конкурстық
іріктеу нәтижелерін бағалауды жиынтықтау арқылы алынған балдардың
жиынтығы.
23. Осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес, конкурстық іріктеу кезеңдерін
өткізу тәртібі магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары
бойынша конкурстық іріктеу кезеңдерін өткізу технологиясына сәйкес жүзеге
асырылады.
5. Магистратура мен докторантураға қабылдау тәртібі
24. Конкурс қорытындысы бойынша магистратура мен докторантураның