Page 5 - Document
P. 5
8) электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойылған электрондық
өтініш, шетелдік азаматтар Академияның ақпараттық жүйесінде
қалыптастырылған өтінішті шығарып, оған қол қояды және өтініштің қол
қойылған сканерленген нұсқасын жүктейді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де
қаржыландыру көздері есебінен негізгі кәсіптік қызметпен қоса кешкі уақытта
және демалыс күндері оқыту форматымен модульдік оқыту қағидаты бойынша
білім беру бағдарламаларына үміткерлер үшін Академияда оқуға құжаттарды
қосымша қабылдау жыл сайын 23 қараша мен 15 желтоқсан аралығында жүзеге
асырылады.
11. Үміткер Академияның ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде
Пайдаланушы келісіміне және жеке деректерді жинау мен өңдеуге арналған
келісімге қол қояды.
12. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада
белгіленген тәртіппен танылады.
Шет тіліндегі құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс
тіліндегі аудармасымен ұсынылады.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар оқудың
1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде үміткерлер оқуға қабылдағаннан кейін
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім туралы
құжаттарды тану рәсімінен өтеді.
Шетелдік жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдары, ғылыми орталықтары мен зертханалары Қазақстан
Республикасының азаматтарына – «Болашақ» халықаралық стипендиясының
иегерлеріне берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасында білім
туралы құжаттарды тану рәсімінен өтпей-ақ танылады.
Шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары,
сондай-ақ ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы
құжаттар оларда оқуды аяқтаған тұлғаларға тиісті куәлік беріле отырып,
Қазақстан Республикасының аумағында танылады.
13. Академия үміткерлердің деректері мен құжаттарының электрондық
көшірмелерін үш жұмыс күні ішінде өңдейді. Үміткердің құжаттары осы
Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда,
үміткердің Жеке кабинетінде өтінішке электрондық-цифрлық қолтаңбамен
(ЭЦҚ) қол қою қажеттілігі туралы өтінім мәртебесі көрсетіледі.
14. Үміткер құжаттардың толық емес топтамасын және/немесе қолданылу
мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Академия құжаттарды қабылдау
аяқталғанға дейін 3 күн ішінде үміткерге құжаттарды өтінімнің тиісті
мәртебесімен толықтыру немесе ауыстыру қажеттілігі туралы хабарлайды.
15. Үміткер құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу
мерзімі өткен құжаттарды, сондай-ақ дұрыс емес ақпаратты ұсынған жағдайда,
құжаттарды қабылдау аяқталған күні үміткердің жеке кабинетінде құжаттарды
қабылдаудан бас тарту туралы өтінімнің мәртебесі көрсетіледі.