Page 9 - Document
P. 9
білім беру бағдарламалары бөлінісінде жинаған балдар сомасы негізінде
үміткерлердің сараланған тізімі қалыптастырылады:
- мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша;
- өз қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым
салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен.
Конкурстық іріктеуден өткен/өтпеген үміткерлерге оқуға
қабылдау/қабылданбау туралы хабарлама жіберіледі.
25. Конкурстық іріктеуден өткен үміткерлер білім беру бағдарламалары
және қаржыландыру түрлері бойынша магистранттар мен докторанттар
қатарына алдын ала оқуға қабылданады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурстық іріктеуден
өтпеген және магистранттар/докторанттар қатарына қабылданбаған үміткерлер
Қабылдау комиссиясы бекітетін, магистратура мен докторантураның білім беру
бағдарламалары бөлінісінде жинаған балдарға сәйкес күту тізіміне енгізіледі.
Магистрант/докторант оқуға қабылдау туралы бұйрық бекітілгеннен кейін
мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқудан бас тартқан жағдайда,
магистрант/докторант Академия басшылығының атына оны оқытуға нақты
жұмсалған қаражатты өтеуге келісімін бере отырып, тиісті өтініш ұсынады.
Бос орынға, өзге қаржыландыру көздері есебінен магистратура және
докторантура бағдарламаларына қабылданған тұлғаларды қоспағанда, оқу
басталғаннан кейін жеті аптадан кешіктірмей, күту тізімі бойынша ең жоғары
балы бар келесі үміткер қабылданады. Аталған тұлғалар күту тізімінен
шығарылады.
26. Білім алушылар қатарына қабылдау үшін үміткерлер алдын ала
қабылдау туралы бұйрық қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде
Академияның қабылдау комиссиясына мына құжаттарды ұсынады:
1) мемлекеттік органның жолдамасының түпнұсқасы;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е
нысаны бойынша Медициналық анықтама;
3) салыстырып тексеру үшін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі туралы құжаттың түпнұсқасы қосымшасымен бірге. Салыстыру
жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады;
4) мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыс орны бойынша кадр қызметі
растаған қызметтік тізімнің түпнұсқасы, өзге үміткерлер үшін – еңбек қызметін
растайтын құжат;
5) Тараптар қол қойған, оқуды ұйымдастыруға арналған Шарт.
27. Қабылдау комиссиясының шешімі бойынша оқуға конкурстық
іріктеуден өткен үміткерлер Академия ректорының бұйрығымен қабылданады,
оның ішінде:
- мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша осы Қағидаларда көзделген
үш жақты шартқа сәйкес, конкурс нәтижелері жарияланған сәттен бастап
күнтізбелік он күннен кешіктірмей;
- өз қаражаты есебінен, осы Қағидаларда қарастырылған шарт жасалған
жағдайда және шарт талаптарына сәйкес ақы төленген жағдайда;