Page 6 - Document
P. 6
3. Оқуға түсушілерге қойылатын талаптар
16. Магистратураның білім беру бағдарламаларына оқуға түсуші
үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар тізбесі:
16.1. Магистратураның «Мемлекеттік басқару – Master of Public
Administration» өндірістен қол үзіп білім беру бағдарламасына, бір жыл оқу
мерзімімен:
- мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, құжаттарды тапсыру сәтінде
саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері және «Б»
корпусының мемлекеттік қызметшілері («А» санатының тобы – А-1, А-2, А-3), (
«В» санатының тобы – В-1, В-2, В-3), («С» санатының тобы – С-1, С-2, С-3),
орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының өңіраралық және
облыстық бөлімшелерінің, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы
орталық мемлекеттік органдар бөлімшелерінің қызметшілері (С-О-1, С-О-2, С-
О-3), («D» санатының тобы – D-1, D-2, D-3), жергілікті бюджеттен
қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың, республикалық маңызы
бар қалалардың, астананың атқарушы органдарының қызметшілері (D-О-1, D-O-
2), («Е» санатының тобы – Е-1, Е-2) болып табылатын және басшылық лауазымда
кемінде екі жыл еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де
қаржыландыру көздері есебінен құжаттарды тапсыру сәтінде басшылық
лауазымда кемінде екі жыл еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.
16.2. Магистратураның «Халықаралық қатынастар – Master of International
Relations» өндірістен қол үзіп білім беру бағдарламасына, бір жыл оқу
мерзімімен:
- мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша құжаттарды тапсыру сәтінде
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде немесе халықаралық
ынтымақтастық мәселелерімен айналысатын орталық мемлекеттік органдар мен
олардың аумақтық бөлімшелерінде, жергілікті мемлекеттік органдарда кемінде
екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік қызметшілер болып
табылатын тұлғалар қабылданады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де
қаржыландыру көздері есебінен құжаттарды тапсыру сәтінде тиісті салада
кемінде екі жыл жалпы еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады;
- Астана мемлекеттік қызмет хабының гранты есебінен құжаттарды тапсыру
сәтінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісім
бойынша кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар сыртқы саяси
ведомстволардың қызметкерлері мен Астана мемлекеттік қызмет хабына
қатысушы елдердің мемлекеттік қызметшілері қабылданады.
16.3. Магистратураның «Адами ресурстарды басқару – Master of Human
Resource Management» және «Өңірлік даму – Master of Regional Development»
өндірістен қол үзіп білім беру бағдарламаларына, бір жыл оқу мерзімімен:
- мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша құжаттарды тапсыру сәтінде
кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік қызметшілер болып
табылатын тұлғалар қабылданады;