Page 7 - Document
P. 7
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де
қаржыландыру көздері есебінен құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде екі жыл
жалпы еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.
16.4. Магистратураның «Мемлекеттік саясат – Master of Public Policy» және
«Экономика – Master of Economics» өндірістен қол үзіп білім беру
бағдарламаларына, екі жыл оқу мерзімімен:
- мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша құжаттарды тапсыру сәтінде
кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік қызметшілер болып
табылатын тұлғалар қабылданады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де
қаржыландыру көздері есебінен құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде екі жыл
жалпы еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады;
16.5. «Мемлекеттік басқару» (Executive MPA) білім беру бағдарламасына
негізгі кәсіптік қызметпен қоса кешкі уақытта және демалыс күндері оқыту
форматымен немесе модульдік оқыту қағидаты бойынша, бір жыл оқу
мерзімімен:
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де
қаржыландыру көздері есебінен құжаттарды тапсыру сәтінде басшылық
лауазымда кемінде үш жыл еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.
16.6. «Өңірлік даму магистрі – Master of Regional Development» білім беру
бағдарламасына негізгі кәсіптік қызметті біріктіре отырып модульді оқыту
принципі бойынша бір жыл оқу мерзімімен:
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де
қаржыландыру көздері есебінен құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде үш жыл
жалпы еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады;
16.7. «MBA – Master of Business Administration» білім беру бағдарламасына
негізгі кәсіптік қызметті біріктіре отырып, модульдік оқыту принципі бойынша
бір жыл оқу мерзімімен Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым
салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен құжаттарды тапсыру сәтінде
кемінде екі жыл еңбек өтілі бар, сонымен бірге кемінде бір жыл басшылық
лауазымдағы тұлғалар қабылданады.
16.8. Докторантураның «Мемлекеттік басқару – Doctor of Public
Administration», «Халықаралық қатынастар – Doctor of International Relations»
және «Экономика – Doctor of Economics» білім беру бағдарламаларына
өндірістен қол үзіп, үш жыл оқу мерзімімен:
- мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша құжаттарды тапсыру сәтінде
кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар тұлғалар қабылданады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де
қаржыландыру көздері есебінен құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде үш жыл
жалпы еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.
Мемлекеттік қызметшілер қатарынан Президенттік жастар кадр резервінің
мүшелері үшін 16.5 және 16.6-тармақтарда көрсетілген мемлекеттік қызмет
өтіліне қойылатын талаптар қолданылмайды.