Page 2 - Document
P. 2

Қазақстан Республикасы
                                                                            Президентінің жанындағы
                                                                            Мемлекеттік басқару
                                                                            академиясы ректорының
                                                                            2022 ж. «10» ақпандағы
                                                                            № 61 бұйрығына 1- қосымша


                               Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
                                         Мемлекеттік басқару академиясына
                                              оқуға қабылдау қағидалары

                  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару
            академиясында  (бұдан  әрі  –  Академия)  білім  алушылар  контингентін
            қалыптастыру  заңдылықты, жариялылықты және ашықтықты қамтамасыз ету
            қағидаттарында жүзеге асырылады.
                  Оқуға  қабылдау  рәсімі  бюджеттік  бағдарламалардың  әкімшісі  Қазақстан
            Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі  болып  табылатын
            мемлекеттік  білім  беру  тапсырысы  (бұдан  әрі  –  мемлекеттік  тапсырыс)
            шеңберінде  де,  жеке  және  заңды  тұлғалардың  қаражаты  немесе  Қазақстан
            Республикасының  заңнамасында  тыйым  салынбаған  өзге  де  қаражат  көздері
            есебінен де жүзеге асырылады.

                                                    1. Жалпы ережелер


                  1.  Осы  Академияға  оқуға  қабылдау  қағидалары  (бұдан  әрі  –  Қағидалар)
            Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»,  «Қазақстан  Республикасының
            мемлекеттік  қызметі  туралы»  Заңдарына  және  өзге  де  нормативтік  құқықтық
            актілерге, Академия Жарғысына сәйкес әзірленді.
                  2.  Қазақстан       Республикасының          мемлекеттік       қызметшілері        болып
            табылатын  Қазақстан  Республикасының  азаматтарын  жоғары  оқу  орнынан
            кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау конкурстық негізде
            мемлекеттік  білім  беру  тапсырысы  шеңберінде,  сондай-ақ  Қазақстан
            Республикасының  заңнамасында  тыйым  салынбаған  өзге  де  қаржыландыру
            көздері есебінен жүзеге асырылады.
                  3.  Астана  мемлекеттік  қызмет  хабына  қатысушы  елдердің  мемлекеттік
            қызметшілері  болып  табылатын  шетелдік  азаматтарды  жоғары  оқу  орнынан
            кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау Астана мемлекеттік
            қызмет  хабының  гранттық  қаржыландыруы  шеңберінде  конкурстық  негізде
            жүзеге асырылады. Үміткерлердің тізімін Қазақстан Республикасының Сыртқы
            істер министрлігі қалыптастырады.
                  4.  Мемлекеттік          қызметшілер         болып       табылмайтын           Қазақстан
            Республикасының азаматтарын және шетел азаматтарын Академияға жоғары оқу
            орнынан  кейінгі  білім  беру  бағдарламалары  бойынша  оқуға  қабылдау  ақылы
            негізде жүзеге асырылады.
   1   2   3   4   5   6   7