Page 3 - Document
P. 3

5.  Мемлекеттік  қызметшілер  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру
            бағдарламалары  бойынша  мемлекеттік  тапсырыс  шеңберінде  оқуға  түсу
            конкурсына  қатысуға,  құжаттарды  тапсыру  сәтінде  заңнамада  белгіленген
            зейнеткерлік жас шегінен шықпайтын, оқудың және кейіннен жұмыспен өтеудің
            жиынтық мерзімдерін, сондай-ақ мемлекеттік органда олардың тұрақты штаттық
            лауазымды атқаруын ескере отырып, жіберіледі.
                  6.  Мемлекеттік  орган  ұсынылатын  мемлекеттік  қызметшіні  мемлекеттік
            білім  беру  тапсырысы  есебінен  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру
            бағдарламалары бойынша Академияға оқуға жібереді.
                  7. Академия  ҚР  БҒМ  2018  жылғы  13  қазандағы  №  569  бұйрығымен
            бекітілген,  Жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білімі  бар  кадрларды
            даярлау  бағыттарының  сыныптауышына  сәйкес,  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі
            білімі  бар  кадрларды  даярлауды,  оның  ішінде  магистратура  білім  беру
            бағдарламалары  шеңберінде  негізгі  кәсіптік  қызметті  біріктіре  отырып,
            модульдік  оқыту  принципі  аясында,  мынадай  бағыттар  бойынша  жүзеге
            асырылады:
                      7М031 Әлеуметтік ғылымдар;
                      7М041 Бизнес және басқару;
                      8D031 Әлеуметтік ғылымдар;
                      8D041 Бизнес және басқару.
                  8. Құжаттарды  қабылдауды  ұйымдастыру,  конкурстық  іріктеуді  жүргізу
            және Академияға оқуға қабылдау үшін жыл сайын Қабылдау және Конкурстық

            комиссиялар  құрылады,  олардың  құрамы  Академия  ректорының  бұйрығымен
            бекітіледі.  Комиссиялардың  құрамына  Қазақстан  Республикасы  Президенті
            Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
            өкілдері,  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің  және  қалалар  мен  облыстар
            мәслихаттарының депутаттары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың,
            квазимемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың, ұлттық және халықаралық
            компаниялардың,  жоғары  оқу  орындары  мен  ғылыми-зерттеу  мекемелерінің
            өкілдері, Академия қызметкерлері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар кіреді.
                  Қабылдау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
            Мемлекеттік  басқару  академиясына  оқуға  үміткерлерді  іріктеу  жөніндегі
            Қабылдау  комиссиясы  туралы  ережеге  сәйкес  барлық  қабылдау  кампаниясы
            бойы жұмыс істейді.
                  Конкурстық  комиссиялар  магистратура  мен  докторантураның  білім  беру
            бағдарламалары бойынша құрылады.

                                           2. Құжаттарды қабылдау тәртібі

                  9. Магистратура  және  докторантура  бағдарламалары  бойынша  оқуға
            құжаттарды  қабылдау  Академияның  ақпараттық  жүйесі  арқылы  жүзеге
            асырылады.
                  10. Үміткерлер жыл сайын 1 наурыз бен 23 шілде аралығында Академияның
            ақпараттық  жүйесінде  тіркеледі  және  электрондық  форматтағы  мынадай
            құжаттарды қоса тіркейді:
   1   2   3   4   5   6   7   8