Page 4 - Document
P. 4
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік
1
органның жолдамасы .
Аппарат басшысы тағайындайтын тұлғалар үшін жолдамаға сол лауазымды
тұлға қол қояды. Бұл ретте, басқа тұлғалармен (органмен) тағайындалған
тұлғалардың жолдамасына үміткер жұмыс жасайтын мемлекеттік органның
басшысы қол қояды.
Мемлекеттік орган оқуға жолдама бермеген жағдайда мемлекеттік
қызметші ақпараттық жүйеде тіркелген кезде құжаттың жоқтығын көрсетеді.
Мұндай жағдайларда мемлекеттік қызметшілерге оқуға жолдама
Академияға алдын ала оқуға қабылдау қорытындылары бойынша беріледі.
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қосымшасы бар жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі
(магистратураға түсу үшін) немесе қосымшасы бар жоғары оқу орнынан кейінгі
білім туралы құжаттың көшірмесі (докторантураға түсу үшін);
4) шетелдік азаматтарды қоспағанда, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі
В1-ден төмен емес екенін растайтын QAZAQ RESMI TEST (https://www.qrt.kz)
немесе QAZTEST (http://kazakhtest.kz) сертификаты.
5) докторантура бағдарламаларының, магистратураның «MIR – Master of
International Relations» және «MBA – Master of Business Administration»
бағдарламаларының үміткерлеріне ағылшын тілін меңгерудің жалпыеуропалық
құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгеру деңгейін растайтын
IELTS, TOEFL, TOEIC, PIPPLET немесе APTIS² халықаралық
сертификаттарының бірі, келесідей нәтижелерімен:
магистратураға – IELTS кемінде 4,0 балл, TOEFL ITP кемінде 460 балл
немесе TOEFL IBT кемінде 57 балл, APTIS – B1 (CEFR) деңгейінен төмен емес,
TOEIC кемінде 381 балл, PIPPLET – B1 (CEFR) деңгейінен төмен емес;
докторантураға және МВА – Master of Business Administration білім беру
бағдарламасына – IELTS кемінде 5,5 балл, TOEFL ITP кемінде 543 немесе
TOEFL IBT кемінде 87 балл, APTIS –B2 (CEFR) деңгейінен төмен емес, TOEIC
кемінде 650 балл, PIPPLET – B2 (CEFR) деңгейінен төмен емес.
Бұл ретте Академия PIPPLET операторымен ынтымақтастық шеңберінде
аталған тесттен өту бойынша ұйымдастырушылық көмек көрсетеді.
Ағылшын тілі оқыту тілі болып табылатын шетелдік және отандық білім
беру ұйымдарында дәреже алған үміткерлер осы тармақшаның 2 және
3-абзацтарының талаптарынан босатылады. Бұл ретте, Академия қажет жағдайда
растаушы құжаттарды сұратады.
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері үшін – жұмыс
орны бойынша кадр қызметі куәландырған қызметтік тізім; өзге үміткерлер үшін
– еңбек қызметін растайтын құжат;
7) докторантура бағдарламаларына үміткерлер үшін – зерттеу жұмысы
(research proposal) жоспарының жобасы;
1 - мемлекеттік білім беру тапсырысы, Астана мемлекеттік қызмет хабының гранты шеңберінде оқуға
түсетін мемлекеттік қызметшілер үшін. Ақылы негізде оқуға үміткер тұлғалармен ұсынылмайды.
² - APTIS сертификатының жарамдылық мерзімі 2 жыл