Page 1 - Document
P. 1
«8D04114 – Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша доктор дәрежесін
алуға ұсынылған «Еуразиялық интеграция жағдайында Қазақстан
Республикасының сыртқы саудасын кедендік реттеуді жетілдіру»
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясының докторанты Газиза Досмагамбетовна Есенжолованың
тақырыбындағы диссертациялық жұмысына
АҢДАТПА
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әлемдік экономиканың қазіргі даму
кезеңі ұлттық экономикалардың еларалық өңірлік бірлестіктерге интеграциялану
үрдісімен сипатталады, бұл сыртқы сауда тәртібін реттейтін біріздендірілген
ережелермен әлемдік нарықты қалыптастыруға әкеп соғады. Халықаралық сауда
көлемінің өсуімен сыртқы экономикалық қызметтің дамуына әсер ететін кейбір
процестерді жетілдіру қажеттілігі туындайды. Қазақстан Еуразиялық
экономикалық одақтың бір бөлігі бола отырып, халықаралық сауданы жүзеге
асырудың сапалық параметрлерін жақсартуға ұмтылады, бұл елдің әлемдік
аренадағы позициясын нығайтуға ықпал етеді.
Кедендік реттеу сыртқы сауда процестеріне әсер етудің пәрменді
тетіктерінің бірі болып табылады, осыған байланысты мемлекеттің кедендік
саясатының осы құралын ұдайы жетілдіруді қамтамасыз ету аса маңызды.
Қазақстан Республикасы жүріп жатқан интеграциялық процестеріне тартылған
жағдайында сыртқы сауданы кедендік реттеуге байланысты мәселелерді қарау
аталған қызмет саласындағы қайта құрулардың тиімділігін айқындауға мүмкіндік
береді, сондай-ақ сыртқы сауданың және тұтастай Қазақстан экономикасының
дамуына кедергі келтіретін бар тәуекелдерді бағалауға мүмкіндік береді.
Осы диссертациялық зерттеуде қаралатын нысынның өзектілігі «Қазақстан-
2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиялық
мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі құжаттарының бірі нарыққа
қатысушыларды салықтан құтылу жолдарын іздеуге емес, бәсекелестікке
ынталандыру үшін жағдай жасау қажеттілігі туралы ережелерді қамтитындығына
байланысты, бұл сыртқы сауданы кедендік реттеу шараларын іске асыруға
бағытталған, кедендік әкімшілендіру жүйелеу арқылы мүмкін болады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Қ. Тоқаев өзінің
түрлі деңгейдегі өтініштерінде сыртқы сауданы кедендік реттеу жүйесінде қайта
құру қажеттігі туралы бірнеше рет айтқан. Мәселен, 2022 жылғы қаңтарда
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында Мемлекет
басшысы республиканың кедендік шекарасында, атап айтқанда уәкілетті
экономикалық оператор институты саласында кедендік реттеу тетігінің
кемшіліктері туралы мәселе қойды. Кейінірек, 2022 жылдың қыркүйегінде
Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»