Page 4 - Document
P. 4
жағдайында Қазақстанның сыртқы саудасын кедендік реттеудің ерекшеліктерін
анықтау;
- кедендік реттеудің Қазақстан Республикасының экономикасы мен сыртқы
саудасының дамуына әсерін бағалау;
- Қазақстан Республикасының сыртқы саудасын кедендік реттеу
құралдарына талдау жүргізу;
- сыртқы сауданы кедендік реттеу жүйесін жетілдірудің негізгі тәсілдерін
айқындау және оларды іске асыру бойынша ұсынымдар әзірлеу;
- Қазақстанның тұрақты дамуы контекстінде кедендік реттеуді жетілдірудің
стратегиялық бағыттарын қалыптастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу.
Зерттеу нысаны Қазақстан Республикасының сыртқы саудасын кедендік
реттеу болып табылады.
Диссертациялық жұмыстың пәні еуразиялық интеграцияның болуы
жағдайында Қазақстан Республикасының сыртқы саудасын кедендік реттеуді
жүзеге асыру нәтижесінде туындайтын ұйымдық-экономикалық қатынастар
болып табылады.
Бұл диссертациялық зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізін
экономика, статистика, эконометрика саласындағы әлемдік зерттеушілердің,
сондай-ақ халықаралық сауданың классикалық теорияларының негізін
қалаушылардың еңбектері құрайды. Жұмыс барысында қазақстандық, ресейлік,
шетелдік ғалымдар мен сыртқы сауда және сыртқы сауданы кедендік реттеу
жөніндегі халықаралық сарапшылардың жарияланымдары зерделенді. Көздердің
маңызды бөлігі сауда және кедендік реттеу саласындағы халықаралық
ұйымдардың, атап айтқанда Дүниежүзілік сауда ұйымының, Дүниежүзілік кеден
ұйымының, сондай-ақ ЕАЭО Еуразиялық экономикалық комиссиясының
зерттеулерінің нәтижелері болып табылады.
Диссертациямен жұмыс барысында қазақстандық ресми дереккөздердің де,
халықаралық ұйымдар базаларының да статистикалық деректері қолданылды.
Зерттеудің негізгі әдістері статистикалық деректерді өңдеу құралдары
ретінде сандық әдістер болды: корреляциялық-регрессиялық талдау,
математикалық статистика әдістері, дискриминантты талдау, k - орта әдісімен
кластерлеу және т.б. Қазақстан Республикасының сыртқы саудасын кедендік
реттеудің тиімділігіне талдау жүргізу үшін халықаралық сауданың
гравитациялық моделін зерттеу нысанына бейімдеу жүргізілді. Кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығын анықтау құралы ретінде скорингтік модельдер
қолданылды. Объективті нәтижелер алу үшін сыртқы сауданы кедендік реттеудің
негізгі аспектілері терең сараптамалық сұхбат жүргізу арқылы талқыланды.
Диссертация жазу кезінде абстракция, нақтылау, жинақтау, сондай-ақ
нормативтік құқықтық актілерді талдау, салыстырмалы талдау, SWOT-талдау
сияқты ғылыми танымның әдістері қолданылды.