Page 5 - Document
P. 5
Зерттеу барысында EViews 12 SV, SPSS Statistica, Microsoft Excel, Bizagi
Modeler, Datawrapper және басқалары сияқты бағдарламалық өнімдер
қолданылды.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы келесіде:
– «сыртқы сауданы кедендік реттеу» ұғымының авторлық түсіндірмесі
ұсынылды, сондай-ақ «кедендік қызмет», «кеден ісі» және «кедендік
әкімшілендіру» сияқты кедендік реттеумен сабақтас ұғымдарды санаттарға бөлу
жүргізілді;
- оның элементтерін жіктеу арқылы сыртқы сауданы кедендік реттеу
жүйесінің мазмұны ашылды және негізделді;
- халықаралық сауданың тиімділігін арттыру мақсатында сыртқы сауданы
кедендік реттеу құралдарын – тәуекелдерді басқару жүйесін және уәкілетті
экономикалық операторды дамыту қажеттілігі негізделді;
- өңдеу өнеркәсібіндегі өнеркәсіптік өндіріс көлеміне енгізілген «импорттық
жабдықтар мен машиналар индексі» көрсеткішін талдау негізінде Қазақстанның
экономикалық дамуына сыртқы сауданы кедендік реттеудің әсерін бағалау
жүргізілді;
- сыртқы сауданы кедендік реттеу факторының Қазақстанның сыртқы сауда
айналымының өзгеруіне елеулі әсері дәлелденді және бейімделу компоненті бар
халықаралық сауданың көптеген гравитациялық модельдерін құру негізінде осы
ықпалды бағалауды жүргізу әдістемесі жетілдірілді;
- тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіруге және тауарлардың кедендік
құнын анықтаудың тиімділігіне бағытталған және математикалық статистика
(сенімгерлік интервал құру) әдістері негізінде тауарлардың кедендік құнының
оңтайлы мәнін анықтауға мүмкіндік беретін әдістеме әзірленді;
- сыртқы сауданы кедендік реттеу контекстінде «кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығы» авторлық тұжырымдамасы қалыптасты;
- танымал скорингтік модельдерді сынақтан өткізу және Еуразиялық
экономикалық комиссия бекіткен кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
айқындаудың қолданыстағы тәртібі негізінде жұмыс істеп тұрған қазақстандық
кәсіпорындардың қаржылық деректері мысалында уәкілетті экономикалық
операторлар тізіліміне енгізуге үміткер заңды тұлғалардың қаржылық
тұрақтылығын айқындаудың жаңа тәсілі әзірленді;
- кедендік операцияларды жасайтын тұлғаларды санаттарға бөлу
мақсатында кедендік бақылау кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың
тиімділігін арттыру үшін k-орташа әдіспен кластерлеу әдіснамасын, сондай-ақ
дискриминантты талдауды пайдалану ұсынылды;
- көрсеткіштердің теңгерімді жүйесінің әдіснамасы негізінде Қазақстанның
орнықты дамуы контекстінде сыртқы сауданы кедендік реттеуді дамытудың
стратегиялық бағыттарын қалыптастыру бойынша ұсынымдар әзірленді.
Қорғауға келесі ғылыми ережелер шығарылды: