Page 7 - Document
P. 7

Диссертациялық            жұмыстың          практикалық           және       теориялық
                  маңыздылығы  заң  жобаларының  және  сыртқы  сауданы  кедендік  реттеу
                  саласына қатысты басқа да нормативтік актілердің нормалары мен ережелерін
                  әзірлеу  кезінде  Қазақстан  Республикасы  Қаржы  министрлігі  Мемлекеттік
                  кірістер  комитетінің  қызметінде  зерттеуді  пайдалану  мүмкіндігінен  тұрады.
                  Диссертация  материалдары  еуразиялық  интеграция  жағдайында  Қазақстан
                  Республикасының сыртқы саудасын кедендік реттеу тақырыбы бойынша өзекті
                  ақпарат және тұжырымдамалық қорытындылар ретінде пайдаланылуы мүмкін.
                        Сонымен  қатар,  зерттеу  мазмұнының  теориялық  маңыздылығы  оны
                  «Экономика», «Мемлекеттік саясат» мамандықтары бойынша магистранттар мен
                  докторанттарды даярлауда қолдану арқылы анықталады.
                        Диссертациялық  зерттеу  нәтижелерін  апробациялау  және  оларды
                  енгізу.  Диссертация  бойынша  5  ғылыми  жұмыс  дайындалды:  1-SCOPUS
                  дерекқорында  индекстелетін  журналда  жариялау  үшін,  3  –  Қазақстан
                  Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары
                  білім  саласындағы  сапаны  қамтамасыз  ету  комитеті  ұсынған  журналдарында
                  жарияланды,  сондай-ақ  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференцияда  1
                  баяндама жасалған. Зерттеу Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
                  Мемлекеттік  басқару  академиясының  басқару  институты  базасында  өткізілген
                  экономика,  қаржы  және  Мемлекеттік  басқарудың  өзекті  мәселелері  жөніндегі
                  ғылыми-әдіснамалық семинар шеңберінде талқыланды.
                        Бұдан басқа, осы зерттеу нәтижесінде алынған кедендік бақылауды жүргізу
                  кезінде  ғылыми  құралдарды  қолдану  жөніндегі  жекелеген  ұсынымдарды
                  Қазақстан  Республикасы  Қаржы  министрлігі  Мемлекеттік  кірістер  комитеті
                  қарады және кедендік операцияларды жүзеге асыру процестерін автоматтандыру

                  жөніндегі жұмыс барысында кейіннен сынақтан өткізу үшін қабылданды.
   2   3   4   5   6   7