Page 6 - Document
P. 6

1. Сыртқы сауданы кедендік реттеу – жұмыс істеуі ұлттықтан жоғары және
                  ұлттық  деңгейлерде  регламенттелген,  ЕАЭО  кедендік  шекарасы  арқылы
                  тауарларды  өткізу  тәртібі  мен  шарттарын  белгілеуге  және  қамтамасыз  етуге
                  бағытталған  және  тауарларды  жеткізудің  қауіпсіз  және  үздіксіз  тізбегіне
                  жәрдемдесу  мақсатында  кеден  органдары  өз  міндеттері  мен  функцияларын
                  жүзеге  асыру  барысында  өткізетін  басқару  элементтерінен  тұратын  жүйе.
                  Мұндай  жүйенің  элементтері  сыртқы  сауданы  кедендік  реттеудің  нысаны,
                  субъектісі, әдістері, функциялары, құралдары мен амалдары болып табылады.
                        2. Тәуекелдерді басқару жүйесі және уәкілетті экономикалық оператор кеден
                  процестерін  басқару  жүйесінде  толассыз  болып  табылады,  олардың  дамуы
                  кедендік  бақылауды  жүзеге  асыру  сапасын  арттыру  кезінде  сауда  рәсімдерін
                  жеңілдетуге  ықпал  етеді.  Қарастырылып  отырған  құралдар  сыртқы  сауданы
                  кедендік реттеу саласындағы мемлекеттік кірістер органдары функцияларының
                  басым  көпшілігін  іске  асыру  барысында  кедендік  реттеу  әдістерін  қолдануға
                  негіз болады.
                        3.  Сыртқы  сауданы  кедендік  реттеу  Қазақстанның  сыртқы  саудасы  мен
                  экономикасының  дамуына  әсер  ететін  маңызды  фактор  болып  табылады,  бұл
                  бірқатар гравитациялық модельдердің деректерімен расталады.
                        4.  Сенімгерлік  интервалды  қолдануға  негізделген  әкелінетін  тауардың
                  кедендік  құнының  рұқсат  етілген  шекараларын  қалыптастыру  үшін  тетігі,
                  кедендік бақылау тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде тауарлардың кедендік
                  құнын  бақылауға  байланысты  кедендік  операцияларды  жасау  процесін
                  жеңілдетуге мүмкіндік береді. Мұндай тетік сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
                  қысқартуға,  бизнестің  транзакциялық  шығындарын  төмендетуге  және
                  республикалық  бюджетті  кедендік  баждармен  және  импортқа  салынатын

                  салықтармен әділ толықтыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
                        5.  Кеден  операцияларын  жасайтын  тұлғаларды  кеден  заңнамасын  бұзу
                  тәуекелі  деңгейінің  үш  тобына  санаттау  мақсаттары  үшін,  кластерлеуді  және
                  дискриминантты  талдауды  қолдану  кеден  органдарының  тауарларға  кедендік
                  бақылау жүргізу объектісі таңдау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
                        6. Уәкілетті экономикалық оператордың тізіліміне енгізуге үміткер заңды
                  тұлғалардың  қаржылық  орнықтылығын  айқындау  тәсілі  қолданыстағы
                  скорингтік  модельдерді  ескере  отырып,  ЕАЭО-да  қолданылатын  қаржылық
                  орнықтылықтың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштерін қайта қарауды
                  талап етіп, бұл уәкілетті экономикалық оператор институтының дамуына ықпал
                  етеді.
                        7. Қазақстанның сыртқы саудасын кедендік реттеуді дамытудың ұсынылған
                  стратегиялық бағыттарын іске асыру нысаны көрсеткіштер мен шаралардың көп
                  деңгейлі жүйесі бар ұсынылатын Стратегиялық карта болып табылатын орнықты
                  даму  контекстінде  іске  асыру  сыртқы  сауданы  кедендік  реттеу  құралдарын
                  дамытуға ықпал және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге әсер етеді.
   1   2   3   4   5   6   7