Page 12 - ЭПК
P. 12
портфолиосы, сондай-ақ мерзімдерді, мазмұнды, тәуекелдерді басқару әдістері
мен құралдары туралы жүйелі білім беріледі.
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Жобаларды басқару әдістері мен құралдарын білу; тәуекелдер мен өзгерістерді
басқара білу; тиімді шешімдер қабылдау.
Жинау қажет – 3 кредит
1. Миграциялық және демографиялық саясат
Кредиттер саны 3
Семестр 2 (Көктемгі семестр)
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Курс еліміздің тұрақты дамуының маңызды факторлары болып табылатын
сыртқы және ішкі көші-қонды, демографиялық саясатты басқару жөніндегі
құзыреттерді дамытуға бағытталған. Сондай-ақ курс Қазақстанның көші-қон және
демографиялық саясатын қалыптастыру мен іске асырудың тиімділігін арттыру
бойынша ұсыныстар әзірлеуге бағытталған.
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Көші-қондық және демографиялық процестерді талдау, бағалау, болжау және
басқару құралдарын білу және қолдану.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
Кредиттер саны 3
Семестр 2 (Көктемгі семестр)
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Курс МЖӘ-нің теориялық негіздері мен базалық қағидаттарын, жоспарлау
ерекшеліктерін және оны мемлекет пен қоғамның мүддесі үшін пайдалану
саласын зерделеуге; МЖӘ-нің институционалдық, сонымен қатар нормативтік-
құқықтық негіздері туралы білімді дамытуға; мемлекеттік басқарудың әртүрлі
салаларында МЖӘ тетіктерін пайдалану мүмкіндіктері туралы білімді
қалыптастыруға бағытталған
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
МЖӘ саласындағы негізгі қағидаттар мен нормативтік-құқықтық актілерді,
мемлекет пен жеке сектордың өзара іс-қимыл тетіктерін білу және қолдану.
3. Сыртқы экономикалық саясат
Кредиттер саны 3
Семестр 2 (Көктемгі семестр)
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Курс Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының негізгі бағыттары мен
басымдықтарын зерделеуге; сыртқы экономикалық процестерді талдау, бағалау
және болжаудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға; сыртқы
экономикалық байланыстарды, сауда саясатын реттеуге, шетелдік
инвестицияларды тарту тетіктерін басқаруға және ұлттық экономиканың
бәсекеге қабілеттілігін нығайту құралдарын қолдануға қажетті құзыреттер мен
практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының негізгі бағыттары мен
басымдықтарын білу; сыртқы экономикалық процестерді реттеу, талдау, бағалау
және болжау құралдарын қолдана білу.