Page 10 - ЭПК
P. 10
«7М04105 – Мемлекеттік саясат» білім беру бағдарламасы үшін
МРР – 2024 (1.5 жылдық)
Жинау қажет – 6 кредит
1. Конфликт-менеджмент
Кредиттер саны 3
Семестр 1 (Күзгі семестр)
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Курс шиеленістердің алдын алу және оларды тиімді басқаруға; әлеуметтік және
саяси шиеленістерді шешудің заманауи құралдарын, әдістері мен медиативтік
технологияларын қолдануға, шиеленістер тегеурінін азайтуға; шиеленістерді
талдауға, болжауға және алдын алуға қажетті құзыреттер мен дағдыларды
дамытуға бағытталған.
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Шиеленістерді талдау әдістерін, болжау және алдын алу тәсілдерін білу;
медиативтік технологияларды қолдану.
2. Экологиялық және су саясаты
Кредиттер саны 3
Семестр 1 (Күзгі семестр)
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Курс экология мен су ресурстарын басқарудың негізгі қағидаттарын, басқару
тұжырымдарын, басқару жүйесінің ерекшеліктерін зерделеуге; экология мен су
ресурстары саласында басқарушылық шешімдер қабылдаудың негізгі әдістері
туралы білімді қалыптастыруға; экология мен су ресурстарын кешенді және
ұтымды пайдалану принциптері мен әдістерін зерделеуге бағытталған.
қалыптастыруға; су ресурстарының ерекшеліктерін, оларды кешенді және
ұтымды пайдалану принциптері мен әдістерін зерделеуге бағытталған.
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Экологиялық және су саясатын іске асырудың негізгі принциптерін,
басымдықтарын, міндеттері мен тетіктерін білу. Қазақстанның экологиясы мен су
ресурстары саласында басқарушылық шешімдердің негізгі әдістерін қолдана
білу.
3. Төтенше жағдайларды басқару
Кредиттер саны 3
Семестр 1 (Күзгі семестр)
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Курс мемлекеттік аппараттың тұрақты қызметі мен оның беделіне қауіп
төндіретін төтенше жағдайлар саласындағы кез келген сипаттағы апаттар,
эпидемиялар, ереуілдер, кибер-шабуылдар, басқа да жағдайлар кезіндегі сын-
тегеуріндерге жедел және тиімді жауап беруге қажетті құзыреттерді дамытуға
бағытталған.
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Төтенше жағдайларды талдау әдістерін, жедел қимылдау және тиімді шешім
қабылдау тетіктерін білу және қолдану
4. Мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясы
Кредиттер саны 3
Семестр 1 (Күзгі семестр)
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):