Page 7 - ЭПК
P. 7

Магистранттарда  мемлекеттік-жекешелік  әріптестіктің,  сондай-ақ  мемлекет  пен
                  жұртшылықтың         белгілері,    түрлері     мен    нысандары       туралы      идеялар
                  тұжырымдалатын  болады.  Магистранттар  мемлекеттік-жекешелік  әріптестік
                  мәселелерін,  МЖӘ  саласындағы  негізгі  қағидаттар  мен  нормативтік-құқықтық
                  актілерді,  мемлекет  пен  жұртшылықтың  өзара  іс-қимыл  тетіктерін  зерделейді.
                  Модуль  сыни  ойлауды  ынталандыруға  және  теориялық  талдауды  дамытуға
                  бағытталған.  Сонымен  қатар  мемлекеттік  инвестициялық  саясат  саласындағы
                  маңызды  мәселелерді  анықтау  және  оларды  шешудің  тиімді  жолдарын  ұсыну
                  мүмкіндігі қарастырылады.

                                         Модуль 4.4 Қоршаған ортаны басқару
                  1. Су ресурстарын басқару                      2 кредит
                  2. Экология және тұрақты даму                  2 кредит
                  Семестр                                        4 модуль
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Модуль  тұрақты  дамудың  негізгі  ережелерін,  су  ресурстарын  басқару
                  тұжырымдамасын,  су  ресурстарын  басқару  жүйесінің  ерекшеліктерін  зерттеуге
                  бағытталған;  тұрақты  даму  саласында  басқарушылық  шешімдер  қабылдаудың
                  негізгі  әдістері  туралы  білімді  қалыптастыруға;  су  ресурстары  ерекшеліктерін,
                  оларды  кешенді  және  ұтымды  пайдалану  принциптері  мен  әдістерін  зерттеуге
                  бағытталған.
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Магистранттар  су  ресурстарын  тұрақты  дамыту  мен  басқарудың  негізгі
                  қағидаттарын  білетін  және  қолданатын  болады.  Халықаралық  шарттарды,
                  стандарттар  мен  келісімдерді  қоса  алғанда,  қоршаған  ортаны  қорғау
                  саласындағы заңнамалық негіздерді, ҚР-да қолданылатын құқықтық актілер мен
                  нормаларды,  техникалық  нормативтерді  жинақтау  және  қорыту,  мемлекеттік
                  экологиялық  инспекция  мен  табиғатты  пайдаланудың  әртүрлі  деңгейлеріндегі
                  басқарушылық  шешімдерді  талдау  және  зерделеу,  елді,  өңірді  орнықты
                  дамытуға  бағытталған  табиғатты  ұтымды  пайдаланудың  аса  маңызды
                  қағидаттарын  дәлелдеу  және  ұсыну,  су  және  жер  ресурстарын  кешенді
                  пайдалануды  ескере  отырып,  қоршаған  ортаны  сарқылудан  және  ластанудан
                  қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру бойынша жұмыс істеу.

                           Модуль 4.5 Білім беру саласындағы саясат және менеджмент
                  1. Білім беру саласындағы басқару              2 кредит
                  және саясат
                  2. Білім беру мекемелерін басқару              2 кредит
                  Семестр                                        4 модуль
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Модуль  білім  берудің  күтілетін  және  нақты  әсерін,  оның  әлеуметтік-
                  экономикалық  дамуға  нақты  және  әлеуетті  үлесін  ескере  отырып,  сыртқы
                  трендтерге,  контексттерге,  институттар  мен  актерлерге  байланысты білім  беру
                  саясаты  мен  білім  беруді  басқаруды  қарастырады.  Модульде  білім  беру
                  саласындағы  негізгі  институттар,  басқару  модельдері,  стейкхолдерлер,  білім
                  беру  саясаты  және  білім  беруді  басқару  туралы  заманауи,  жаһандық  және
                  ұлттық дискурс қарастырылады.
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Магистранттар  білім  беру  және  басқару  қызметіндегі  нормативтік-құқықтық
                  актілерді  білетін  және  қолдана  алатын  болады,  білім  беру  менеджментінің
                  негіздерін  меңгереді,  білім  беру  саласындағы  өзгерістерді  басқару  мен
                  стратегиялық  жоспарлауды  үйренеді,  білім  беруді  басқарудың  заманауи
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12