Page 11 - ЭПК
P. 11
Курс цифрлық технологиялар мен құралдарды, цифрлық үкімет пен реттеудің
теориялары мен тұжырымдамаларын, сондай-ақ платформалық басқару
ерекшеліктерін зерделеуге; экономиканы цифрлық трансформациялау және
ақпараттық қоғамды дамыту жағдайында тиімді қызмет ету үшін цифрлық
мемлекет жүйелерін басқару дағдыларын дамытуға; мемлекеттік қызметтер
көрсетудегі ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың рөлін,
сондай-ақ әртүрлі онлайн-платформаларда мемлекет пен қоғамның өзара іс-
қимылын зерделеуге бағытталған.
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Цифрлық басқарудың негізгі құралдарын білу және қолдану.
5. Мемлекеттік реформалардың құқықтық құралдары
Кредиттер саны 3
Семестр 1 (Күзгі семестр)
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Курс қазіргі жағдайда әлеуметтік-экономикалық реформаларды құқықтық
қамтамасыз ету саласындағы білімдерін қолдану бойынша құзыреттерді
дамытуға; мемлекеттік органдардың жүйесін, құрылымы мен қызмет түрлерін,
сондай-ақ заң жобаларын қарау кезінде ҚР Парламентінің ҚР Үкіметімен өзара
іс-қимыл тетігін талдауға; әлеуметтік-экономикалық реформалар аясында
құқықтық әкімшілендіру ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыруға
бағытталған.
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Әлеуметтік-экономикалық реформаларды құқықтық қамтамасыз етудің негізгі
қағидаттары мен тетіктерін білу; құқықтық талдау, бағалау және болжау
құралдарын қолдану.
6. Мемлекет пен жұртшылықтың бірлескен басқаруы
Кредиттер саны 3
Семестр 1 (Күзгі семестр)
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Курс мемлекет пен азаматтардың тиімді өзара іс-қимыл құзыреттерін дамытуға,
шешім қабылдауда азаматтармен және басқа да мүдделі тараптармен белсенді
өзара іс-қимыл жасауға; жауапты ведомствоның шешім қабылдау үдерістерін
және олардан туындайтын проблемаларды зерттеу тетіктерін жұртшылықтың
толық түсінуіне ықпал ететін шараларды зерделеуге; сондай-ақ тұрғындарды
шешім қабылдауға қатысу формалары мен жолдары туралы ақпараттандыруға;
жобаларға, стратегиялық дамудың баламалы жолдарына, басқа да мәселелерге
қатысты қабылданатын шешімдер бойынша барлық мүдделі азаматтардың
көзқарастары мен пікірлерін зерделеуге қажетті құзыреттерді дамытуға
бағытталған.
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Шешім қабылдау процесінде мемлекет пен азаматтардың, басқа да мүдделі
тараптардың тиімді өзара іс-қимыл жасау әдіс-тәсілдерін білуі және қолдануы.
7. Жобалық менеджмент
Кредиттер саны 3
Семестр 1 (Күзгі семестр)
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Курс жобаларды басқару тәсілдерінің құрылымдық формасын қарастырады.
Жобаларды басқару жүйесі, жобалардың түрлері, бағдарламалар мен жобалар