Page 9 - ЭПК
P. 9

4.8 Кеңістіктік дамуды басқару
                  1. Ауылдық аумақтарды басқару                  2 кредит
                  Семестр                                        4 модуль
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс  ауылдық  аумақтарды  дамыту  саласындағы  білімді  жетілдіруге  және
                  құзыреттерді  қалыптастыруға  бағытталған.  Курс  шеңберінде  магистранттар
                  ауылдық  аумақтардың  қазіргі  жай-күйін,  орнықты  дамуының  негізгі  бағыттары
                  мен  құралдарын;  ауылдық  аумақтардың  нормативтік-құқықтық  қамтамасыз
                  етілуін,  экономикасын  және  әлеуметтік  дамуын;  тұрғын  үй  құрылысын,
                  инженерлік  және  көлік  инфрақұрылымын дамыту,  үй  шаруашылықтарының  әл-
                  ауқатын арттыру, инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту үшін бюджеттен
                  субсидиялар  беру  және  бөлу  тетіктерін;  ауылдық  аумақтардың  әлеуметтік
                  дамуын  бағалау  әдістерін;  табиғатты  ұтымды  пайдалануды  дамыту  және
                  ауылдық жерлердегі экологиялық жағдайды жақсарту мәселелерін зерделейді.
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Магистранттар  ауылдық  аумақтарды  дамытудың  құқықтық,  әлеуметтік,
                  экономикалық,  экологиялық  ерекшеліктерін  білу;  ауылдық  жерлерді  дамыту
                  саласындағы  басқару  міндеттерін  шеше  алатын  болады.  Сонымен  бірге,
                  ауылдық      аумақтардың       орнықты      дамуын     кешенді      бағалауды      жүргізу,
                  аналитикалық       блоктар     бойынша       ауылдың      орнықты      дамуын     бағалау
                  көрсеткіштерін жүйелеу, ауылдық жерді типологияландыруды жүргізу және оның
                  дамуының       орнықтылық       деңгейін    айқындау,      экономикалық,       әлеуметтік,
                  экологиялық  сипаттағы  проблемаларды  анықтау,  ауылдық  аумақтардың
                  орнықты дамуы саласындағы басқару шешімдерін талдау және әзірлей алатын
                  болады.
                  2.     Урбанистика         және       сити- 2 кредит
                  менеджмент
                  Семестр                                        4 модуль
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс қаланы, қалалық агломерацияларды басқару;
                  қалалық  кеңістіктердің  қызметі  мен  дамуының  негізгі  аспектілерін  зерделеу;
                  қалалық  жүйелердің  жұмыс  істеу  проблемаларын  диагностикалау  дағдыларын
                  дамыту;  қалалық  кеңістікті  ұйымдастыруда  қоғамдық  қажеттіліктерді  анықтау
                  және  халықтың  өмір  сүру  жағдайы  мен  тыныс-тіршілігін  жақсарту  үшін оларды
                  іске  асыру  жөніндегі  шараларды  айқындау  саласындағы  құзыреттерді
                  қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Магистранттар  қаланы  және  қалалық  агломерацияларды  тиімді  басқару  әдіс-
                  тәсілдерін білетін және қолдана алатын болады. Олар келесі бағыттар бойынша
                  қалалық  даму  жобаларын  іске  асыруға  тартылатын  болады:  бизнесті  жүргізу
                  үшін қолайлы жағдайлар жасау, қала тұрғындары үшін қолайлы қалалық ортаны
                  дамыту,  қалалық  инфрақұрылымды  дамыту,  жаңа  жергілікті  брендтерді
                  жандандыру және іске қосу, аумақтың дамуын басқарудың заманауи тәсілдерін
                  қолдану және мәліметтер негізінде шешім қабылдау
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14