Page 8 - ЭПК
P. 8
жүйелерін дербес зерттейді және талдайды, сондай-ақ білім берудегі
менеджменттің инновациялық жүйелерін жобалайды. Ұйым қызметіндегі оқу-
тәрбие процесінің сапасын мониторингілеу және бағалау негіздерін
пайдаланатын болады; сонымен қатар білім беру ұйымдары қызметінің
нәтижелерін бағалауда және білім беру бағдарламаларын іске асыруда
мониторинг құралдарын қолданатын болады.
Модуль 4.6 Денсаулық сақтау саласындағы саясат және менеджмент
1. Денсаулық сақтау саласындағы 2 кредит
басқару және саясат
2. Денсаулық сақтау мекемелерін 2 кредит
басқару
Семестр 4 модуль
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Модуль тиімді басқару дағдыларын, денсаулық сақтау және денсаулық сақтау
ұйымдарын басқару саласына негізделген басқару шешімдерін қабылдау қабілетін
дамытуға бағытталған. Модуль барысында магистранттар Денсаулық сақтау
саласындағы менеджменттің негізгі функцияларының бірі ретінде стратегиялық
және жедел жоспарлау жүйелерін, сондай-ақ нақтылық, белгісіздік және тәуекел
жағдайындағы шешім қабылдау әдістерінің жиынтығын зерттейтін болады.
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Магистранттар Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың
ерекшеліктерін, басқарудың, экономиканың және денсаулық сақтау саласы
проблемалары мен оның даму перспективаларын талдау тәсілдері туралы білетін
болады. Қоғамдық денсаулық сақтау саласында дербес зерттеулер жүргізу және
нәтижелерді түсіндіру әдістерін меңгеру, қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінде
денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу қағидаттарын тұжырымдау.
Денсаулықты нығайтудың әлемдік технологияларын сыни тұрғыдан бағалау және
аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып практикада қолдану, эпидемиологиялық
жағдайды жақсарту үшін басқару шешімдерін қабылдау.
4.7 Саяси реформалар мен технологиялар
1. Қазақстандағы саяси реформалар 2 кредит
2. Саяси технологиялар 2 кредит
Семестр 4 модуль
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Модуль саяси науқандарды жүргізудің практикалық дағдыларын; саяси
коммуникация, саяси имидж, PR-менеджмент және GR-менеджмент
технологияларын қолдануды қалыптастыруға бағытталған.
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Магистранттар ҚР Мемлекеттік басқару жүйесінде саяси технологиялардың
тактикасы мен стратегияларын білетін және қолданатын болады; өңірлік саясат
тақырыбы бойынша зерттеулер жүргізу дағдыларын меңгеру, өңірлік саясат
бойынша талдамалық материалдар жасау; саяси технологияларды қолданудың
негізгі әдістерін меңгеру, сайлау науқанының технологы қызметінің негізгі түрлерін
орындай білу, ақпараттық және аналитикалық материалдардың негізгі түрлерін білу,
оларды құрастыру және клиентке ұсыну дағдыларын меңгеру. Саяси
технологияларда сандық және сапалық социологиялық әдістерді түсіну және
қолдана білу, сайлау науқандарында социологиялық әдістерді қолдану, саяси
имидж құру және PR-менеджмент және GR-менеджмент технологияларын сәтті
қолдану.