Page 2 - ЭПК
P. 2

Академиялық сапа жөніндегі кеңестің
                                                                     2024 жылғы «17» сәуірдің
                                                                     № 16 хаттама шешімімен бекітілді



                                           2024–2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН
                   МАГИСТРАТУРА МЕН ДОКТОРАНТУРАНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
                                      БОЙЫНША ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ

                                         Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі
                                                         Магистратура
                          «7М04119 – Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы үшін
                                                   МРА – 2024 (1 жылдық)

                  Жинау қажет – 4 кредит
                  1. Жобалық менеджмент
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        1 (Күзгі семестр)
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс  жобаларды  басқару  тәсілдерінің  құрылымдық  формасын  қарастырады.
                  Жобаларды басқару жүйесі, жобалардың түрлері, бағдарламалар мен жобалар
                  портфолиосы, сондай-ақ мерзімдерді, мазмұнды, тәуекелдерді басқару әдістері
                  мен құралдары туралы жүйелі білім беріледі.
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Жобаларды басқару әдістері мен құралдарын білу; тәуекелдер мен өзгерістерді
                  басқара білу; тиімді шешімдер қабылдау.

                  2. Конфликт-менеджмент
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        1 (Күзгі семестр)
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс шиеленістердің алдын алу және оларды тиімді басқаруға; әлеуметтік және
                  саяси  шиеленістерді  шешудің  заманауи  құралдарын,  әдістері  мен  медиативтік
                  технологияларын  қолдануға,  шиеленістер  тегеурінін  азайтуға;  шиеленістерді
                  талдауға,  болжауға  және  алдын  алуға  қажетті  құзыреттер  мен  дағдыларды
                  дамытуға бағытталған.
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Шиеленістерді  талдау  әдістерін,  болжау  және  алдын  алу  тәсілдерін  білу;
                  медиативтік технологияларды қолдану.

                  3. Мемлекеттік реформалардың құқықтық құралдары
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        1 (Күзгі семестр)
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс  қазіргі  жағдайда  әлеуметтік-экономикалық  реформаларды  құқықтық
                  қамтамасыз  ету  саласындағы  білімдерін  қолдану  бойынша  құзыреттерді
                  дамытуға;  мемлекеттік  органдардың  жүйесін,  құрылымы  мен  қызмет  түрлерін,
                  сондай-ақ заң жобаларын қарау кезінде ҚР Парламентінің ҚР Үкіметімен өзара
   1   2   3   4   5   6   7