Page 5 - ЭПК
P. 5

Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс  қазіргі  жағдайда  әлеуметтік-экономикалық  реформаларды  құқықтық
                  қамтамасыз  ету  саласындағы  білімдерін  қолдану  бойынша  құзыреттерді
                  дамытуға;  мемлекеттік  органдардың  жүйесін,  құрылымы  мен  қызмет  түрлерін,
                  сондай-ақ заң жобаларын қарау кезінде ҚР Парламентінің ҚР Үкіметімен өзара
                  іс-қимыл  тетігін  талдауға;  әлеуметтік-экономикалық  реформалар  аясында
                  құқықтық     әкімшілендіру      ерекшеліктері      туралы      түсінік   қалыптастыруға
                  бағытталған
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Әлеуметтік-экономикалық  реформаларды  құқықтық  қамтамасыз  етудің  негізгі
                  қағидаттары  мен  тетіктерін  білу;  құқықтық  талдау,  бағалау  және  болжау
                  құралдарын қолдану.

                  5. Өңірлік дамуды басқару
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        2 модуль
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс магистранттарды өңірлерді дамытудың заманауи тұжырымдарымен, өңірлік
                  дамуды басқарудың әлемдік тәжірибесімен таныстыруға; өңірлердің әлеуметтік-
                  экономикалық  даму  ерекшеліктерін,  өңіраралық  ынтымақтастық  тетіктерін
                  зерделеуге;  өңірлердегі  саяси,  экономикалық  және  әлеуметтік  үдерістермен
                  байланысты  басқарушылық  міндеттерді  шешу  дағдыларын  қалыптастыруға
                  бағытталған.
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Өңірлердің  әлеуметтік-экономикалық  даму  ерекшеліктерін  білу;  өңірлік  саяси,
                  экономикалық  және  әлеуметтік  үдерістермен  байланысты  басқарушылық
                  міндеттерді шешу

                  6. Әлеуметтік саясат
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        2 модуль
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс  еңбек  қатынастары  және  әлеуметтік  қорғау  салаларындағы  мемлекеттік
                  саясаттың      қағидаттары      мен    тетіктерін    зерделеуге      бағытталған.      Осы
                  салалардағы  отандық  саясаттың  саяси,  идеологиялық,  әлеуметтік,  құқықтық,
                  ұйымдастырушылық-басқарушылық,  қаржылық-экономикалық  компоненттеріне
                  басты назар аударылады.
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Еңбек  және  әлеуметтік  қорғау  салаларындағы  саясатты  іске  асыру  тетіктерін
                  білу;  осы  салалардағы  проблемаларды  шешудің  кешенді  шараларын  әзірлей
                  білу.

                          «7М04120 – Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы үшін
                      ЕМРА – 2024 (Executive MPA) (1 жылдық) (қысқы жиынтыққа қабылдау)

                  Жинау қажет – 4 кредит
                                             Модуль 4.1 Кризис менеджмент
                  1. Конфликт-менеджмент                         2 кредит
                  2.Төтенше жағдайларды басқару                  2 кредит
                  Семестр                                        4 модуль
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10