Page 4 - ЭПК
P. 4

«7М04120 – Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы үшін
                       ЕМРА – 2024 (Executive MPA) (1 жылдық) (күзгі жиынтыққа қабылдау)

                  Жинау қажет – 4 кредит
                  1. Жобалық менеджмент
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        2 модуль
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс  жобаларды  басқару  тәсілдерінің  құрылымдық  формасын  қарастырады.
                  Жобаларды басқару жүйесі, жобалардың түрлері, бағдарламалар мен жобалар
                  портфолиосы, сондай-ақ мерзімдерді, мазмұнды, тәуекелдерді басқару әдістері
                  мен құралдары туралы жүйелі білім беріледі.
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Жобаларды басқару әдістері мен құралдарын білу; тәуекелдер мен өзгерістерді
                  басқара білу; тиімді шешімдер қабылдау.

                  2. Мемлекет пен жұртшылықтың бірлескен басқаруы
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        2 модуль
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс мемлекет пен азаматтардың тиімді өзара іс-қимыл құзыреттерін дамытуға,
                  шешім қабылдауда азаматтармен және басқа да мүдделі тараптармен белсенді
                  өзара  іс-қимыл  жасауға;  жауапты  ведомствоның  шешім  қабылдау  үдерістерін
                  және  олардан  туындайтын  проблемаларды  зерттеу  тетіктерін  жұртшылықтың
                  толық  түсінуіне  ықпал  ететін  шараларды  зерделеуге;  сондай-ақ  тұрғындарды
                  шешім қабылдауға қатысу формалары мен жолдары туралы ақпараттандыруға;
                  жобаларға, стратегиялық дамудың баламалы жолдарына, басқа да мәселелерге
                  қатысты  қабылданатын  шешімдер  бойынша  барлық  мүдделі  азаматтардың
                  көзқарастары  мен  пікірлерін  зерделеуге  қажетті  құзыреттерді  дамытуға
                  бағытталған
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Шешім  қабылдау  процесінде  мемлекет  пен  азаматтардың,  басқа  да  мүдделі
                  тараптардың тиімді өзара іс-қимыл жасау әдіс-тәсілдерін білуі және қолдануы.

                  3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        2 модуль
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс  МЖӘ-нің  теориялық  негіздері  мен  базалық  қағидаттарын,  жоспарлау
                  ерекшеліктерін  және  оны  мемлекет  пен  қоғамның  мүддесі  үшін  пайдалану
                  саласын  зерделеуге;  МЖӘ-нің  институционалдық,  сонымен  қатар  нормативтік-
                  құқықтық  негіздері  туралы  білімді  дамытуға;  мемлекеттік  басқарудың  әртүрлі
                  салаларында  МЖӘ  тетіктерін  пайдалану  мүмкіндіктері  туралы  білімді
                  қалыптастыруға бағытталған
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  МЖӘ  саласындағы  негізгі  қағидаттар  мен  нормативтік-құқықтық  актілерді,
                  мемлекет пен жеке сектордың өзара іс-қимыл тетіктерін білу және қолдану.

                  4. Мемлекеттік реформалардың құқықтық құралдары
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        2 модуль
   1   2   3   4   5   6   7   8   9