Page 3 - ЭПК
P. 3

іс-қимыл  тетігін  талдауға;  әлеуметтік-экономикалық  реформалар  аясында
                  құқықтық     әкімшілендіру      ерекшеліктері      туралы      түсінік   қалыптастыруға
                  бағытталған.
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Әлеуметтік-экономикалық  реформаларды  құқықтық  қамтамасыз  етудің  негізгі
                  қағидаттары  мен  тетіктерін  білу;  құқықтық  талдау,  бағалау  және  болжау
                  құралдарын қолдану.

                  4. Мемлекет пен жұртшылықтың бірлескен басқаруы
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        1 (Күзгі семестр)
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс мемлекет пен азаматтардың тиімді өзара іс-қимыл құзыреттерін дамытуға,
                  шешім қабылдауда азаматтармен және басқа да мүдделі тараптармен белсенді
                  өзара  іс-қимыл  жасауға;  жауапты  ведомствоның  шешім  қабылдау  үдерістерін
                  және  олардан  туындайтын  проблемаларды  зерттеу  тетіктерін  жұртшылықтың
                  толық  түсінуіне  ықпал  ететін  шараларды  зерделеуге;  сондай-ақ  тұрғындарды
                  шешім қабылдауға қатысу формалары мен жолдары туралы ақпараттандыруға;
                  жобаларға, стратегиялық дамудың баламалы жолдарына, басқа да мәселелерге
                  қатысты  қабылданатын  шешімдер  бойынша  барлық  мүдделі  азаматтардың
                  көзқарастары  мен  пікірлерін  зерделеуге  қажетті  құзыреттерді  дамытуға
                  бағытталған
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Шешім  қабылдау  процесінде  мемлекет  пен  азаматтардың,  басқа  да  мүдделі
                  тараптардың тиімді өзара іс-қимыл жасау әдіс-тәсілдерін білуі және қолдануы.

                  5. Дағдарысқа қарсы мемлекеттік басқару
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        1 (Күзгі семестр)
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс  орталық  және  жергілікті  атқарушы  органдардың  қызметі  шеңберінде
                  әлеуметтік-экономикалық,  саяси,  табиғи-климаттық  дағдарыстар  жағдайында
                  күрделі  мәселелерді  шешу  бойынша  білім  мен  дағдыларды  дамытуға
                  бағытталған.
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Дағдарыс  жағдайларын  реттеу,  талдау,  бағалау  және  болжау  әдістері  мен
                  құралдарын қолдану.

                  6. Саяси технологиялар
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        1 (Күзгі семестр)
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс  саяси  науқандар,  саяси  коммуникациялар  жүргізудің,  саяси  имидж
                  жасаудың, PR-менеджмент және GR-менеджмент технологияларын қолданудың
                  практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Саяси технологиялардың тактикасы мен стратегияларын қолдану
   1   2   3   4   5   6   7   8