Page 6 - ЭПК
P. 6
Модуль мемлекеттік аппараттың тұрақты қызметіне және оның беделіне қауіп
төндіретін кез келген сипаттағы табиғат, экология және төтенше жағдайлар
саласындағы сын-қатерлерге жедел және тиімді ден қою жөніндегі құзыреттерді
дамытуға, сондай-ақ жанжалды талдау, болжау және алдын алу және оларды
тиімді басқару дағдыларын дамытуға бағытталған.
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Магистранттар дағдарыстар мен төтенше жағдайлар кезінде ұйымдарды
басқарудың негізгі аспектілерін, табиғи апаттардың түрлері мен олардың
себептерін ажырататын болады.
Магистранттар жанжалдарды талдау әдістерін, болжау және алдын алу
тәсілдерін білетін болады; медиативтік технологияларды, сондай-ақ жедел ден
қою және төтенше жағдайларды тиімді шешу әдістерін қолданатын болады.
Магистранттар табиғи апаттармен күресте ақпараттық технологиялардың
көмегімен тәуекелдерді азайтудың түрлі әдістерімен танысатын болады.
Модуль 4.2 Тиімді басқару
1. Жобалық менеджмент 2 кредит
2. Функционалдық менеджмент 2 кредит
Семестр 4 модуль
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Модуль функционалды бөлімшелер түрінде кәсіпорынның жұмысын
ұйымдастыруға негізделген басқарудың құрылымдық тәсілін қарастырады.
Жобалық және функционалдық басқарудың екі түрі ұсынылады. Басқару
модельдерінің айырмашылығы: жобалық басқару-бұл ұйымдағы белгілі бір
жобаны басқару. Ол жобаның бюджетін, мерзімдерін және ресурстарын
басқарады және жобаның мақсатына жетеді. Функционалды басқару
стратегияны әзірлейді және бюджетті жоспарлайды, сонымен қатар өз
саласында жұмыстың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Магистранттар жобаларды және функционалдық бөлімшелерді басқару
бойынша жаңа дағдылар мен құзыреттерді меңгереді; жобалық және
функционалдық басқару ұғымдарын ажыратады; жобаны басқару ерекшеліктерін
де, функционалдық басқарудың негізгі түрлерін де меңгереді; жобалық және
функционалдық басқару құралдарын зерделейді; тиімді басқаруға ықпал ететін
басқару қызметінің дағдыларын арттырады.
Модуль 4.3 Бірлескен басқару
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік 2 кредит
(МЖӘ)
2. Мемлекет пен жұртшылықтың 2 кредит
бірлескен басқаруы
Семестр 4 модуль
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Модуль мемлекет пен азаматтардың тиімді өзара іс-қимыл құзыреттерін
дамытуға, шешім қабылдауда азаматтармен және басқа да мүдделі
тараптармен белсенді өзара іс-қимыл жасауға; мемлекет пен қоғамның мүддесі
үшін МЖӘ-ні жоспарлау мен пайдалану саласының теориялық негіздері мен
базалық қағидаттарын, ерекшеліктерін зерделеуге, сондай-ақ мемлекеттік
басқарудың әртүрлі салаларында МЖӘ тетіктерін пайдалану мүмкіндіктері
туралы білімді қалыптастыруға бағытталған.
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер: