Page 40 - ЭПК
P. 40
4. Дағдарыстық коммуникацияларды басқару
Кредиттер саны 2
Семестр 6 модуль
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Курс дағдарысқа қарсы коммуникация стратегияларын зерделеуге және
репутациялық тәуекелдерді бағалауға, сондай-ақ штаттан тыс жағдайлар
туындаған кезде коммуникация негіздерін зерттеуге бағытталған. Курсты өту
барысында келесі тақырыптар қарастырылатын болады: дағдарыстардың
типологиялары және оларды еңсеру құралдары; дағдарыстық жағдайларға
жауап беру модельдері; дағдарыстық жағдайдағы стейкхолдерлермен жұмыс
істеу принциптері; қауіп-қатер деңгейіне әсер ететін факторлар; дағдарыстық
жағдай және қоғамның реакциясын бағалау (практикалық жағдайлар) және өзгесі
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Әр түрлі дағдарыстық жағдайларда әрекет ету алгоритмдерін қолдана алады,
дағдарысқа қарсы іс-шаралардың кешенді жоспарын құра алады және олардың
тиімділігін әр түрлі параметрлер бойынша бағалай алады; сонымен қатар
тәуекелдерді анықтау және саралау; қақтығыстарды тиімді басқару, негізгі
стейкхолдерлермен жұмыс жасау тетіктерін біледі
5. Аумақтар маркетингі және брендингі
Кредиттер саны 2
Семестр 6 модуль
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Курс аумақтық маркетингтің тұжырымдамалық негіздері мен құралдарын
зерделеуге, аумақтық өнімді ілгерілетуге, креативті индустрияларды қолдауға,
маркетингтік коммуникацияларды қамтамасыз етуге, аумақтың бәсекелестік
артықшылықтарын анықтауға; аумақтық брендингті зерделеуге және
қалыптастыруға бағытталған
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Аумақты басқарудағы маркетингтік тәсілдің негіздерін; аумақтық маркетинг
құралдарының түрлері мен ерекшеліктерін; аумақтық маркетингтің әртүрлі
субъектілерінің айрықша ерекшеліктерін; аумақтық брендті әзірлеу процесін
біледі. Аумақтың сыртқы және ішкі ортасының ерекшеліктеріне сәйкес келетін
мақсаттар мен пайымдарды анықтай алады; аумақтың бәсекелестік
артықшылықтарын анықтай алады; аумақты дамыту жобаларының
стейкхолдерлерін анықтай және бағалай алады. Аумақтық даму стратегияларын
құру саласында нақты білімге ие болады
6. Мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациялануы
Кредиттер саны 2
Семестр 6 модуль
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Курс билік органдарының мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, "ақылды"
қалаларды құру бойынша цифрлық бастамаларды іске асыру және азаматтар
мен бизнестің мүддесі үшін мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланатын
негізгі цифрлық технологиялар мен технологиялық шешімдерді зерделеуге
бағытталған
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Негізгі мемлекеттік ақпараттық жүйелермен жұмыс істей алады, электрондық
платформаның, оның ішінде Ашық үкіметтің ерекшеліктерін, цифрландырудың
түрлі жобаларын, атап айтқанда, "Smart-city" тұжырымдамалары шеңберіндегі